ҰБТ хаттамасы » "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-59
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
март
2021

ҰБТ хаттамасы

Қазақстан Республикасы «Алматы облысы білім басқармасының 

 Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы

 интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бітіруші түлектері мен ҰБТ тапсырудағы өзгерістер туралы өткізілген жиналыстың

ХАТТАМАСЫ

         Қатысқаны – 35. Өткізілген күні  - 17.03.2021 ж.       Қатыспады – 1 

Күн тәртібінде

     1. 2020– 2021 оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырудағы өзгерістер туралы

     2. Ағымдағы мәселелер


         Күн тәртібіндегі мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Тышқанбаева сөз алып, Ұлттық бірыңғай тестілеудегі қысқаша ақпараттармен таныстырды.

         Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 2020 – 2021 оқу жылындағы 10 наурыз бен 30 маусым аралығында «бір тестілеуші – бір компьютер – бір камера» принципі бойынша копьютерлерді пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетіндігін атап өтті. Бұл ретте тестіленушілер, емтихан тапсыратын орынды, күнді және уақытты өз қалауы бойынша таңдап алады. 

         10 наурыз – 10 сәуір аралығында өткізілетін ҰБТ – ға келесі бітіруші түлектер (оларға бір мүмкіндік беріледі)

  • Орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары.
  • ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер бойынша комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі оқуға қабылдану үшін.

         Тестіленушілер аталған ҰБТ нәтижесімен жоғарғы оқу орнына ақылы негізінде түсу мүмкіндігіне ие болады. 

         11 сәуір мен 30 маусым аралығында тестілеуге келесі бітірушілер қатыса алады:

  • Орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылы бітірушілері.
  • ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер бойынша комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі оқуға қабылдану үшін.
  • Осы аралықта өткізілген ҰБТ – ға екінші рет қатысу мүмкіндігі болады және ең жоғарғы балл нәтижесімен білім беру гранттарын тағайындалу конкурстарына қатысуға мүмкіндік беріледі.

         Тест тапсырмалары мазмұнының жаңа форматы:

         2021 жылғы ҰБТ – ның жаңа форматына сәйкес пәндер бойынша тест тапсырмаларының саны өзгерілді. 

         Міндетті пәндер:

  1. Қазақстан тарихы – 15 тапсырма;
  2. Оқу сауаттылығы – 20 тапсырма
  3. Математикалық сауаттылық – 15 тапсырма

Бейіндік пәндер бойынша:

  1. Бейіндік пән – 35 тапсырма
  2. Бейіндік пән – 35 тапсырма

         Контекст негізіндегі тест тапсырмалары енгізілген. Тестілеуге жалпы 4 сағат (240 минут) уақыт берілген.

         Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін тестілеу уақыты 65 минут. 

         Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобын ауыстыруға ниет білдірген түлектер үшін 130 минут.

         Жоғарыда көрсетілген ақпараттар Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу қағидалары мен ҰБТ өткізу жөніндегі нұсқаулықтардан алынды. 

         Қосымша ақпарат:

        Барлық тестке қатысушыларға есте сақтау қажет:

         Тестілеуге дейін және тестілеу барысында аудиторияларды, дәліздерді, әжетханаларда тыйым салынған заттарды пайдалануға болмайды. 

         Аудиторияда, дәлізде қатты сөйлеуге, айқайлауға, ұрыс шығаруға тыйым салынады. 

         Тестілеуге кірердің алдында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып (маска, антисептик, перчатка) тестілеуге қатысу қажет.

         Аудиторияда орын ауыстыруға, қасындағы тестілеушімен сөйлесуге тыйым салынады. 

         Жарыс сөз: 11ә сынып оқушысы Өмірқан Аружан сөз алып, бітіруші түлектерді 2021 жылғы ҰБТ тапсырудағы өзгерістермен мұқият танысып білім беру гранттарына ие болудың мүмкіндіктерін жіберіп алмауды атап өтті.

         Шешім. 2021 жыл ҰБТ тапсыру форматындағы өзгерістерді және ҰБТ тапсыру кезінде санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды сақтау барлық ҰБТ тапсыратын бітіруші түлектерге міндеттелді.


         Жиналыс төрағасы Г.Тышқанбаева

         Хатшысы Н.Матаева                       



Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив