Алғыс айту күні » "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-59
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
апрель
2021

Алғыс айту күні

1 наурыз -Алғыс айту күніне орай мектепте іс шара жоспары жасалынып бекітілді. Жоспарға сәйкес 6 ә сыныбында тәрбие сағаты өтті. Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту; әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында өткізілген тәрбие сағатында балалар өз алғыстарын жаудыртып, әлемнің түркір-түпкірінде осындай мерекенің тарихымен танысып өтті.Сондай ақ оқушылар мен мұғалімдер арасында «Бізге алғыс айтуға себеп бар» тақырыбында өз алғыстарын білдіре отырып, видеоролик түсірді. 26 ақпан мен 1 наурыз «Алғыс айту парызым» сынып сағаттары өткізілді. 1 наурыз іс-шараның қорытындысы «Қазақстан мейірімділік мекені» ұранымен акция ұйымдастырылды. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары «Алғыс айту» күніне орай ұйымдастырылған акцияға белсене атсалысып, өз ризашылықтарын, алғыстарын білдірді.

Похожие публикации:

10 март 2020 Ыстық тамақ
24 апрель 2017 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив