Абдилова Бибігүл Байжұмақызы » "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-59
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

Абдилова Бибігүл Байжұмақызы

                                                         Өмірбаян 


    Мен Абдилова Бибигуль Байжұмақызы 1971 жылы 21 мамырда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында дүниеге келдім. Ұлтым –қазақ. 1988 жылы №2 қазақ орта мектебін бітірдім. Білімім жоғары.1988-1993 жылдары Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетіне түсіп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірдім. Отбасылымын. Жолдасым  Атаев Марат әскери қызмет атқарып, бүгінгі күнде зейнеткер. Үш балам бар. Алғашқы еңбек жолымды А.Розыбакиев атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болудан бастадым. Ол жерде 1 жыл қызмет атқарып, 1994 жылы Шонжыдағы Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектепке қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып ауыстым. 2003 жылдың 1 желтоқсанынан бастап осы аталған мекеменің директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары,  05 желтоқсан 2006 жылынан бастап мектеп жанындағы интернат меңгерушісі, 01 қыркүйек   2012 жылы директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары,15 сәуір 2013 жылдан бастап осы аталған мекемеде директор лауазымын атқарып жүрмін.  2021 жылдың 10 қаңтар күнінен бастап Ұйғыр аудандық маслихат депутаты болып сайланып,халыққа қызмет көрсетіп келемін.



 
Марапаттарым: 

  •    «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен   мектеп оқушыларының «Мәңгілік Ел» құндылықтары аясында функционалдық сауаттылықтарын дамыту, заманауи білім беруді жүзеге асыру мақсатындағы мұғалімдердің кәсіби деңгейін жетілдіру және  ұйымдастырудағы шығармашылық қызметі үшін Құрмет грамотасымен марапатталдым.
  •     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен және «Заманауи басшы: табыс формуласы» тақырыбындағы облыстық интернет- форумында тәжірибесімен бөліскені үшін 2020 жылы Алматы облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталдым. 
  •     «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген «Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларын
  • ың біліктілігін арттыру бағдарламасы»бойынша өткізілген курста жоғары нәтиже көрсеткені үшін Алғыс хатымен марапатталдым.
  •     Қазақстан Республикасы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасы негізінде мектеп тәжірибесін жақсартудағы,әріптестеріңіздің кәсіби дамуын қамтамасыз етудегі еңбегі үшін Алғыс хатымен марапат.
  •     Облыстық «Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы»байқауында

«Мектептің табысты менеджері»номинациясымен марапатталдым.

  • 2016-2019жылдарға арналған білім беру ғылымды дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасын және «Табысты басшы»жүзеге асыруда  1-орын алғаны үшін марапатталдым.
  •     Облыстық директорлар Форумы «Ауыл мектептеріндегі білім беру жүйесінің қазіргі ахуалы және келешегі»секция жұмысында 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталдым.
  •     Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін білім және ғылым министрі А.Айтмағамбетовтен Құрмет грамотасымен марапатталдым.
  •     Елбасы, «Nur Otan» патиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда   жалпыұттық деңгейде тұңғыш рет өткен партияның сайлауды іріктеуіне белсенді атсалысқаныңыз үшін «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы Төрағасы  А.Батталовтан алғыс хатымен марапатталдым.
  •    «Абайтану» атты жеке шығармашылық бағдарламасының авторымын.
  •     2021 жылдың 10 қаңтар күнінен бастап Ұйғыр аудандық маслихат депутаты болып сайландым.

Сертификаттарым:

  •     Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курсты аяқтағыны үшін сертификат.
  •     Ұстаздарға арналған Республикалық Sabaqtar.kz- на «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы ерінбе», «Критериалды бағалау»атты жұмыстарының электронды нұсқасын жариялағаны үшін марапаттау сертификаты.
  •     Мемлекеттік-конфессиялық саясатты жүзеге асыру,конфессиярлық келісім және діни экстремизм профилактикасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топ мүшелеріне арналған облыстық оқыту семинарын нәтижелі аяқтағаны үшін сертификаты.

Похожие публикации:

01 сентябрь 2021 Сабақ кестесі
01 сентябрь 2021 Мектеп тарихы
24 апрель 2017 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив