Тамыз кеңесі хаттамалары » "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-59
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
июль
2021

Тамыз кеңесі хаттамалары

Ұйғыр ауданының  білім бөлімінің «Ж.Құдайбергенов атындағы орта   мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде    педагог   қызметкерлермен  өткізілген   тамыз кеңесінің  

 хаттамасы  №1 

Күні 27.08. 2021 ж.

қатысқандар:  90

қатыспағаны:  7

Күн   тәртібінде:

 «Білімді ұлт тұрақты дамудың кепілі »  тақырыбында өткізілген дәстүрлі тамыз кеңесі   

І.Кіріспе сөз  -   Абдилова Бибигуль Байжумаевна 

  1. Креативті ойлауды дамыту  жолдары - Абирова Жанна Рахымбердиевна  (10 минут )
  2. Оқушылардың  функционалдық   сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары  Матаева Назерке Сембековна  тарих пәні  мұғалімі. (10 минут)
  3. Білім сапасын жақсарту: талдау, қиындықтарды анықтау, түзету жолдары -  Баратова Шадиям Абликимовна ағылшын тілі пәні мұғалімі (10 минут)
  4. Әдістемелік нұсқау хат ерекшеліктеріне тоқталу - Абирова Жанна Рахымбердиевна (5  минут )

Тыңдалды: 

        Әдістемелік ісі жөніндегі  орынбасары   Ж.Абирова   дәстүрлі тамыз кеңесімен , жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап,         күн тәртібімен   таныстырып өтті.  Тамыз кеңесінің мақсаты мен міндеттерін  хабарлады. 

Мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру,   тәжірибелі мұғалімдердің озық  тәжірибесімен бөлісу, мұғалімдердің пәндік құзіреттіліктерін арттыру.

Міндеттері: 

  • Білім алушылардың  оқуға белсенділігін арттырудың тиімді тәсілдерімен бөлісу. 
  • Білім   алушылардың  оқыту мақсатына жетуде қиындықтарды анықтау. 
  • Жаңартылған білім беру жағдайында оқыту үрдісіндегі инновациялық жұмыстарда кездескен кедергілерді тиімді шешу жолдарын қарастыру. 
  • Мақсаттар мен міндеттерді  жүзеге   асырудағы  жұмыс бағытын айқындау. 
  • Білім мазмұнын жаңарту контекстінде пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тілдік дағдыларды дамыту әдіснамасы бойынша әдістемелік сүйемелдеу көрсету; 

Күтілетін нәтиже: 

  •  Өткен оқу жылына талдау жасалады, 2021-2022   оқу жылында білім берудегі кездесетін мәселелерді шешу жолдары айқындалады. 
  • Кәсіби құзыреттіліктері  артады,   жұмыс бағыты айқындалады. 

Бұдан әрі Ж.Абирова  «Креативті ойлауды дамыту  жолдары»  тақырыбындағы презентациясын  ұсынып, «Креативтілік» – тез ойлап табу, жаңалық ашу, аяқ астынан ақыл табу, терең сезім, толғаныс, интеллектуалдық биіктік, ұшқыр ойлылық деп анықтама беріледі. Креативтілік — өркендеуге, дамуға, нәтижеге жетуге бағытталған. Креативтік технология бойынша ізденушілік, зерттеушілік, эвристикалық әдістермен жұмыс жасалады, қиялдауға итермелейді, қысылмай өз ойын айтуға мүмкіндік беретінін түсіндірді. 

        Білім алушылардың  креативтілігі, оны дамыту жолдары,  сабақтағы креативті  дамыту    тапсырмалары үлгілерін ұсынды. Мұғалімдерге  шағын креативтілік,  ауқымды креативтілік  сәйкестендіру тапсырмасын орындатып,  мұғалімнің креативті ойлауын дамытатын  жаттығулар ұсынды.

Қаулы: 1. Ж.Абированың білім алушылардың креативті ойлау қабілеттерін дамыту туралы  көрсетілім педагог қызметкерлердің назарына алынсын   және оны    практика жүзінде қолдану  пән мұғалімдеріне  жүктелсін. 

       Тарих пәні мұғалімі Н.Матаева   «Оқушылардың  функционалдық   сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары»  тақырыбында көрсетілім ұсынды.  Көрсетілім барысында  функционалдық сауаттылық туралы   ақпарат бере отырып,    білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары,  функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар түрлерін   көрсетті.     

Қаулы:  2. «Оқушылардың  функционалдық   сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары»  тақырыбында көрсетілім педагог қызметкерлердің назарына алынып,  білім алушылардың функционалдық сауаттылықты арттыру   әр пән мұғалімінің  міндеті болып табылсын.

      Үшінші мәселе бойынша   «Білім сапасын жақсарту: талдау, қиындықтарды анықтау, түзету жолдары»   тақырыбында   ағылшын тілі пәні мұғалімі Баратова Шадиям Абликимовна    білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын   толтыру  мақсатында   білім сапасында  жасалатын   талдау,  қиындық келтірген мақсаттармен жұмыс жасау,   мониторингтер,  анықталатын кемшіліктер,  білім алушыларға  берілетін   қайталау тапсырмалары  туралы  көрсетілім   жасады. 

Қаулы: 3.«Білім сапасын жақсарту: талдау, қиындықтарды анықтау, түзету жолдары»  тақырыбында      көрсетілім педагог қызметкерлердің назарына алынсын және    білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың алдын алу жұмыстары: талдау, қиындықтарды анықтау, түзету жұмыстарын жүргізу әр пән мұғалімінің міндеті болып табылсын.

Бесінші мәселе  бойынша Ж.Абирова  Әдістемелік нұсқау хат ерекшеліктеріне тоқталды.   

ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТ

Білім алушылардың оқу жүктемесін азайту. 

 1-сыныптарға «Әліппе», «Ана тілі», «Букварь», «Обучение грамоте», «Цифрлық сауаттылық» пәндерін енгізу. 

Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру. 

 Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуді жетілдіру. 

 Жазғы мектеп есебінен оқыту мерзімін 20 маусымға дейін ұзарту. 

Міндетті формативті бағалау. 

 Сабақ ұзақтығы – 45 минут. 

 5-сыныптан 11-сыныптар аралығында «Жаһандық құзыреттіліктер» таңдау курсын немесе басқа курстарды енгізу. 

 Мектептердің таңдауы бойынша «Музыка» оқу бағдарламасының шеңберінде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін 6-сыныпта домбыра тартуды үйрету. 

 Оқытудың әртүрлі форматтарына (дәстүрлі, аралас, қашықтан) мектептердің дайындығын қамтамасыз ету. 

 Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды бағалау. 

  Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға оқу бағдарламаларын бейімдеу. 

 Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға тиімді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. 

 Инклюзивті орта мәдениетін қалыптастыру. 

«Оқуға құштар мектеп», «Дебаттар», «Өзін-өзі басқару күні», «Мектеп театры» жобаларын іске асыру. 

 Ұлттық құндылықтар негізінде мектептің мәдени ортасын қалыптастыру (қарым-қатынас, мектеп қоңырауы). 

 Мектеп пен отбасында күнделікті 20 минут кітап оқуды ұйымдастыру. 

 Ерте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу. 

Білім алушылардың дене дамуының мониторингі. 

 Педагогтерді тарифтеу тәртібі бойынша ұсыныстар. 

 Жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмін жетілдіру. 

 Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережелерін енгізу. 

 Мектеп пен ата-аналардың өзара байланысын күшейту. 

Сонымен қатар, Ж.Абирова   әдістемелік нұсқау  хатта әр пәннен кейін  ұсынылған білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың алдын алу бойынша   ұсынымға баса назар аударып,   жұмыс жоспарын құрғанда басшылыққа алу   керектігін ескертті. 

Қаулы: 

4.2021-2022 оқу   жылында  әр пән мұғаліміне     әдістемелік нұсқау  хатты басшылыққа алу және білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтырудың жұмыс жоспарының  алгоритмін   назарға ала отырып  жұмыс жүргізу  міндеттелінсін. 


Кеңес төрағасы               Ж.Абирова

Хатшы                          А.Асильбаева




Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив