Оқу-тәрбиелік жұмыс » "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-59
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жастары белсенді елдің- ертеңі жарқын" дебат ойыны
18
январь
2024
"Жастары белсенді елдің- ертеңі жарқын" дебат ойыны
7 сыныптар арасында “Жаңабай” дебат клубы құрылып клуб мүшелерімен алғашқы ойын өткізілді. Ойын барысында мектебіміздің “Парасат” дебат клубының мүшелері Өмірқан Перизат пен Мухаметжан Камила жалпы дебат тарихы,дебат форматтары туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Сонымен қатар “Жаңабай” дебат клубы өзінің алғашқы ойынында “БП сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мектеп қабырғасынан бастау керек деп есептейді” қарары бойынша ойларын ортаға салды.
№3 Жалпы оқушылар жиналысы
17
январь
2024
№3 Жалпы оқушылар жиналысы
Ұйғыр аудандық білім бөлімінің «Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі №3 жалпыоқушылар жиналысы №4 ХАТТАМА 17.01.2024 жыл Қатысқандар:  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Есенбаева және А.Байжұмаева, педагог-ұйымдастырушы Айтбаева А, 8-11 сынып оқушылары. Күн тәртібінде:  1.  Мектеп оқушысының құқығы мен міндеті 2. ІІ тоқсанның қорытындысы. Сынып қожаларының есебі   3. Ағымдағы мәселелер          Күн
«Ұлы дала баласы» атты ұлттық ойындар жарысы
22
декабрь
2023
«Ұлы дала баласы» атты ұлттық ойындар жарысы
2023 жылдың 22 желтоқсан күні 4 сыныптар арасында  «Ұлы дала баласы» атты ұлттық ойындар жарысы ұйымдастырылды. Жарыс барысында оқушылар асық ату,бес тас, бәйге, қыз қуу,арқан тарту ұлттық ойын түрлері бойынша сайысқа түсті. Сайыс нәтижесінде: 4 б сыныбының «Дарабоз» тобы 1 орын, 4 в сыныбының «Ыбырай жұлдыздары» тобы 2 орын,  4 ә сыныбының «Бүркіт» тобы мен 4 а сыныбының «Қыран» тобы 3 орынды иеленді.
“Тарихы сырлы,ертеңі нұрлы ғажап ел!” атты сахналық қойылымдар сайысы
06
декабрь
2023
“Тарихы сырлы,ертеңі нұрлы ғажап ел!” атты сахналық қойылымдар сайысы
2023 жылдың  6 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 5-7 сынып оқушылары арасында “Тарихы сырлы,ертеңі нұрлы ғажап ел!” атты сахналық қойылымдар сайысы болып өтті. Сайыс барысында  5 а «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз», «Тәуелсіздік қуанышы» қойылымы, «Желтоқсан ызғары», «Мен Қазақпын», «Алаш арыстары», «Желтоқсан желі» т.б тақырыпта қойылымдар қойылды. Сайыс нәтижесінде: 7 ә сыныбы бас жүлде, 7 а сыныбы 1 орынды, 6  ә сыныбы 2 орынды, 7 в сыныбы 3 орынды иеленді. 
“Дені сау ұрпақ- қоғамның қуатты күші” атты кездесу
16
ноябрь
2023
“Дені сау ұрпақ- қоғамның қуатты күші” атты кездесу
2023 жылдың 16 қараша күні 6-7 сынып қыздарымен оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, зиянды заттар мен әдеттердің ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру арқылы өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту, денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу мақсатында “Дені сау ұрпақ- қоғамның қуатты күші” атты кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге мектеп психологі Ақылбекова Л, мектеп директорының ТІЖО Байжұмаева
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 12 Вперед