Тәрбие жұмысының мәтіндік есебі » "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-59
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
март
2023

Тәрбие жұмысының мәтіндік есебі

Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша мемлекеттік мекемесінің  «Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022-2023 оқу жылында тәрбие жоспарының орындалуы туралы есеп

І жарты жылдық және 3 тоқсан

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған мінез-құлық   қалыптастыра отырып, іскер, бәсекеге қабілетті дара тұлға тәрбиелеу мақсатында  ҚР-ның орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатын,  ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығын, 2015 жыл  22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бектілген  Тәрбиенің тұжырымдамалық  негіздері    құжатын,   ҚР «Бала құқықтары  туралы» конвенциясын,  ҚР «Тілдер туралы» Заңын,  ҚР «Мемлекеттік Рәміздер туралы»  Заңын,   ҚР «Діни экстремизмге  қарсы күрес туралы» Заңын, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын  негізге ала отырып  тәрбие жұмысы бойынша жылдық  жоспар жасалынып, бекітіліп, тәрбиенің 8 бағыты бойынша  төмендегідей жұмыстар жүргізілді.

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

бағыты бойынша 

-1 қыркүйек Білім күніне орай  «Білімге ұмтылу, еңбекқорлық, отансүйгіштік» атты тақырыпта     салтанатты іс шара өткізіліп, барлық сыныптарда тәрбие сағаттары өтті.

-5 қыркүйек Тіл мерекесіне орай «Тіл-баға жетпес байлығым» атты апталық өткізіліп, апталықта оқушылар тіл мәртебесін көтеруге бағытталған іс-шаралар өткізілді. 

-11 қазан күні аудандық полиция бөлімінен мектеп инспекторы Д. Ахметов 8-11 сынып ұлдарына және қыздарына  жиналыс ашып, құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары туралы айтты. 

  • Құқықбұзушылықтың алдын алу  жұмысы бойынша  Ұйғыр АПБ-мен бірлікте  жылдық   жоспар жасалынып, бекітілді. Жоспарға сәйкес төмендегідей жұмыстар атқарылды. Қыркүйек айының басында   мектептегі құқықтық кеңес жоспары жасалынып, бекітілді. Құқықтық кеңес құрамы құрылып, бұйрық шықты. Кеңес құрамы осы кезге дейін 7 рет  отырыс өткізді. Әр отырыста оқушылардың құқықтық тәрбиесі туралы мәселелер көтерілді. Хаттамалары жазылып отырды.   Алғашқы отырыста МІЕ және ІІБ инспекторы есебіндегі оқушылардың тізімін түзету, реттеу жұмыстары жүргізілді.  Сәтсіз отбасында тәрбиеленуші оқушылар туралы кеңес мүшелері хабардар етілді. Маскүнемдікке салынған және есірткілік заттарға тәуелді, сәтсіз отбасыларды анықтап, есепке қою жұмыстарын жүргізілді.  Қазан айында оқушылар арасында әлімжеттік, ақша жинау фактілерін анықтау мақсатында жасырын сауалнамалар алынып, қорытындысы шығарылды. Ай сайын, мереке күндері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын сауық орындарында болмаулары, алкагольдік, темекі өнімдерін қолданбауларына орай рейд жұмыстарын жүргізілді. Тоқсан сайын кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықты анықтау үшін мектеп психологтары түрлі сауалнамалар алып, жеке сабақтар жүргізді. Анықтамалары жазылды. 2021-2022  оқу жылынан бастап мектебімізде білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған "Құқықтық сана - қауымға пана" атты жоба жұмысы басталған болатын. Жоба жұмысы аясында   әр апта сайын оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған түрлі іс шаралар өткізіліп отырады.   Үнемі мектеп инспекторымен бірлесіп түнгі рейдтер ұйымдастырылып отырды. Қазіргі таңда мектепішілік  есепте 2 оқушы бар. Мектеп психологтары мектепішілік есепте тұратын оқушылардың ата-аналарына кеңес беріп, әңгімелесу жүргізді. Аталған оқушылардың   үйлеріне үнемі рейдтер жүргізіліп, бақылауға алынып отырды.
  •  Қараша айында мектеп психологтары «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты апталық өткізді. 
  • 10 қараша 2022 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен тарих пәнінің мұғалімі А. Есенбаева «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 9  сынып оқушыларына ақпараттық сабақ өткізді. 
  • 2022 жыл  11-21 қазан   аралығында «Абайлаңыз, балақай!» атты онкүндік болып өтті. Апталық барысында мектеп оқушыларына жолда жүру ережелері, жаяу жүргінші ережесі туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп,  іс шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда,  дүйсенбі күні онкүндік  жоспарымен таныстырып,  түсінік жұмыстары жүргізілді.  1-4 сыныптар арасында «Қауіпсіздік – басты назарда!» атты тақырыпта тәрбие сағаттары өткізіліп, «Жол белгілерін білесің ба?» атты жол белгілері   көрмесі ұйымдастырылды.  Көрмеде алғашқы әскери дайындық  пәнінің мұғалімі Тоқаев Фархат  оқушыларға жол белгілері, олардың атқаратын қызметтері туралы түсінік беріп, таныстырды.  3 А сыныбында, сынып  жетекшісі Темірхан Меруерт    «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік»  атты  үлгілі тәрбие сағат өткізді. Сабақта  жол ережелері туралы оқушыларға толық түсінік беріліп, «Жолда жүру ережелері» туралы бейнежазба көрсетілді. Сабақ соңында оқушылар қоянның көжектерін үлкен жолдан өткізу үшін  тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беріп, білімдерін  тиянақтады.   18 қазан күні оқушыларға «Жаяу жүргінші ережесі» атты жадынама таратылса, 19 қазан 3-4 сынып оқушылары жолда жүру ережелері туралы арнайы бейнеролик дайындап таныстырды. Онкүндік барысында       мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен  алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі оқушыларға жол ережелері туралы айтып, қауіпсіздіктің сақталуын қатаң қадағалады.

-25 қазан Республика күніне орай «Қыран елім- Қазақстаным» атты акция ұйымдастырылып, барлық сыныптарда тәрбие сағаттары,  2 А сыныбында   «Қазақстаным мақтанышым» атты үлгілі   тәрбие сағаты өткізілді. 1-4 сыныптардан «Атамекен» тақырыбында патриоттық диктант алынып, «Байтақ елім- туған жерім» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

-21 қазан Республика күніне орай «Патриотизм дауысы» мемлекеттік Гимнді жаппай орындау салтанаты өткізілді. 

-15 желтоқсан 2022 жылы 8 Ә сыныбында «Тәуелсіздік жылдар шежіресі» атты үлгілі тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі Н. Матаева. 

-8 желтоқсан 2022 жылы 1 А  сыныбында «Тәуелсіздік – маңдайға біткен бағымыз» атты үлгілі тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі Н. Байсеркеева. 

-13 қаңтар оқушылар арасында бопсалау, әлімжеттік, кибербуллинг іс-әрекеттерінің алдын алу және болдырмау мақсатында 7 сынып қыздарына «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Сабақты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Асильбаева және мектеп психологтары өткізді. 

-Биылғы оқу жылында мектебімізде 2 патриоттық клуб құрылып, өз жұмысын бастады. Оның мүшелері 6 А және 6 Ә сыныптары. Аталған сынып оқушылары арнайы куәліктер алып, аудандық мәдениет үйінде арнайы ант қабылдады. Осы клуб мүшелерімен бірлікте 19 сәуір күні «Патриот болу парыз» тақырыбында әскери-спорттық сайыс өткізілді. Сонымен  бірге аталған клуб мүшелерімен аптасына екі рет арнайы сабақ өткізілуде. 

-12 сәуір Ғарышкерлер күніне орай 2 сыныптар арасында «Ғарыш – бала қиялында» атты әс-шара ұйымдастырылса, 7 сыныптар арасында «Ғарыш деген бір әлем» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. 

-14 сәуір директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Асильбаеваның ұйымдастыруымен 8-11 сынып қыздарына ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында жиналыс өткізіліп, жиналыста мектеп медбикелері мен мектеп психологы  

Л. Ақылбекова ақыл кеңес берді. 

-17 сәуір күні желгілікті полиция қызмет бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Аубакирова Арай Талғатқызының қатысуымен 9-11 сынып оқушыларына зорлық-зомбылықтың және жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу мақсатында жиналыс өткізілді.

-Осы сәуір айының 8   жұлдызынан бастап мектебімізде «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» тақырыбында патриоттық айлық өткізілуде. 


Рухани- адамгершілік тәрбие бағыты бойынша 

  • Оқу жылының басында 23-28 тамыз аралығында әлеуметтік педагогтің және тәрбие орынбасарларының ұйымдастыруымен «Мектепке жол»  қайырымдылық акциясы өткізілді. Ол жерде  мектептің әлеуметтік жағынан қорғалатын оқушыларына ауыл кәсіпкерлері мен мектеп мұғалімдерінің демеушілігімен мектеп формалары мен құралдары алынып берілді. 
  • Қыркүйек айының басында жаз бойы демалыс кезінде де өз-өзін дамытып, түрлі жарыстар мен байқауларға қатысқан оқушыларымызға арнап, «Жетістікке жету өз қолыңда...» атты басқосу ұйымдастырылып, оқушыларымызды марапаттадық. 
  • Қыркүйек айының алғашқы аптасында 1 сынып жетекшілері   «Мектебім – мақтанышым!» тақырыбында оқушыларды ұлы ағартушы Жаңабай Құдайбергеновтың өмірімен таныстыру мақсатында мектеп мұражайына   саяхат сабақ ұйымдастырды. 
  • 5 қыркүйек Тіл мерекесіне орай «Тіл-баға жетпес байлығым»атты апталық өткізіліп, апталықта оқушылар тіл мәртебесін көтеруге бағытталған іс-шаралар өткізілді. 
  • Тіл мерекесіне орай 5 Б сыныбында «Тіл – рухани қазына» атты үлгілі тәрбие сағаты өтті. Сынып жетекшісі Қайрат Дина.
  • Қазан айының алғашқы аптасында ұстаздар күніне орай «Ұстазым, өзіңменен мақтанамын!» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды және «Жас Ұлан» ұйымының белсенділері «Өзін-өзі басқару» күнін ұйымдастырды. 

-Ұстаздарды құрметтеуге үйрету, ұстаздық мамандыққа қызығушылықтарын арттыру мақсатында Ұстаздар күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылып, аудандық іс-шараға қатыстық және мектебіміздегі «Өзін-өзі»  басқару ұйымы оқушылары мұғалімдеріміздің орнына сабақ беріп, «Диллер күні» өткізілді. 

-«Қайырымды жүрек» атты 10 сынып оқушылары қайырымдылық  іс- шарасын ұйымдастырды,  яғни оқушыларымыз ауылымыздағы орталық мешіттің іші-сыртына тазалық жұмыстарын жүргізді. 

  • Қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың  туғанына 110 жыл толуына орай директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары   7 сыныптар арасында  «Ғасыр адамы» атты танымдық сабақ ұйымдастырды.
  • 28 ақпан 2023 жылы мектебіміздегі тағы бір жаңашыл жоба «Директормен таңғы ас» жобасы аясында 8-11 сыныптар арасындағы Республикалық, облыстық жарыстардың жеңімпаз жүлдегерлерімен таңғы ас ұйымдастырылды. Таңғы асқа мектеп директоры Абдилова Бибігүл Байжұмақызы арнайы қатысып, оқушылармен әңгіме-сұқбат жасады.
  • Ақиық ақын М. Мақатаевтың туған күніне орай 7 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен танымдық сабақ өткізілді.
  • 1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Алғысым шексіз» атты әкелерге алғыс айту  іс-шарасы өткізілді. 
  • 4 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен 8 наурыз Аналар мерекесіне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. 


Отбасы тәрбиесі бағыты бойынша 

-           15 қыркүйек отбасы күніне орай  5 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Отбасы -  Отанымыздың ошағы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараны 5 сынып жетекшілері өткізді. Іс-шараның мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігін арттыра отырып, ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікті қалыптастыру. Жұмыс барысында ата-аналарға қызықты сұрақтар қоя отырып, ата-аналармен пікір алысып, түрлі кеңестер берілді.

-           Отбасы күніне орай директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. Адилбекова 6 сынып оқушыларына «Мен сізді жақсы көремін» атты тренинг ұйымдастырды. 

-           Биылғы  оқу жылы ата-аналармен өткізілген жиналыс жаңа форматта ұйымдастырылды. Атап айтқанда «Мектеп керуені» жобасы бойынша  әрбір параллель сыныптардың ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналыста тек сынып жетекшісі ғана қатысып қоймай, сол сыныптарға сабақ беретін барлық пән мұғалімдері, мектеп психологтары және мектеп әкімшілігі ата-аналармен еркін сұқбат құрды.  

Сондай-ақ әр сыныпта тұрақты ата-аналар жиналысы өткізіліп тұрды. 

  • Алдағы мамыр айында 4 сынып ата-аналарымен бірлікте спорттық сайыс ұйымдастыру жоспарлануда. 


Зияткерлік  тәрбие, ақпараттық  мәдениет тәрбиесі бағыты бойынша

  • 8 ақпанда 7 сынып қыздары арасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Асильбаеваның ұйымдастыруымен  «Ал, кәнекей қыздар !» атты зияткерлік сайыс өткізілді.
  • Педагог-ұйымдастырушының  ұйымдастыруымен дебат ойындары мен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. 


Ұлттық тәрбие бағыты бойынша

-            «Дәстүрге жол» жобасы бойынша әр сыныпта ата-аналармен бірлікте қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеп көріністер көрсетілді. Олардың ішінде ерекше атап айтуға болатыны 3 В сынып ата-аналары «Ашамайға мінгізу» салтын көрсетті. Сондай-ақ 1 Б, 2 Ә сыныптарында аталған жоба жұмысы дұрыс жолға қойылды.

- Ұлттық мерекеміз Наурыз мерекесі мектебімізде кең көлемде аталып өтті. 14 наурыз «Көрісу күніне орай арнайы іс-шара ұйымдастырылып, мерекенің мән-мағынасы ашылды.

- Ұлыстың Ұлы күні әр сыныпта аталып өтті. Мектепте мерекелік концерт ұйымдастырылды. 

- 1-11 сынып ұлдары арасында «Баталы елге бақ қонар» тақырыбында бата сайысы өткізілді. 


Көпмәдениетті  және көркем -эстетикалық тәрбие бағыты бойынша 

  • 15 наурыз 2023 жылы 8 сынып қыздары арасында «Қыз еркем – қылығымен көркем» атты қыздар арасында сайыс өткізілді. 

Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын сақтау  тәрбие бағыты бойынша

  • 7 сәуір Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай арнайы іс-шара өткізіліп, оқушылар таңғы жаттығу жасап, тақырыпқа сай плакаттар шығарды.
  • «Сергек» пән бірлестігінің ұйымдастыруымен үнемі спорттық жарыстар, қызықты эстафеталық сайыстар өткізіліп отырды.
  • Мектеп медбикелері қышыма дерматомикоз алдын алу, вирустный гепатит, корь, желшешек аурулары бойынша жұмыстар жүргізіп, диктанттар алды.   


Еңбек және экономикалық  тәрбие, экологиялық тәрбие бағыты бойынша 

-            «Парктер шеруі-2023» Халықаралық табиғатты қорғау күні 

аясында ұйымдастырылған акцияға 9 сынып оқушылары белсенді түрде қатысты. 

  • Қыркүйек айында 9-10 сынып оқушылары «Таза саябақ» акциясына қатысты.


Еңбек және экономикалық  тәрбие, экологиялық тәрбие бағыты бойынша 

  •  30 қараша 2022 жылы Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Н. Ноғайбекұлының ұйымдастырған «Жас ұрпақты қызықтыратын мәселелерді жұмыс процесі кезінде көрсету» атты ашық есік күніне қатысты.
  • 14 қараша Әл Фараби атындағы Қаз ҰУ география және табиғатты пайдалану факультеті Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының доценті Г. Мұқанова 7 сынып оқушыларына Экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында дәріс оқыды. 



«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша атқарылған жұмыстар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес   БҒМ «Оқуға құштар мектеп » жобасын бекіткен болатын. Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады.  Оқуды дамытуда әдістемелік әдістерді жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда оқушының дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосады. Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет.  Осыған орай мектебімізде арнайы жоспар жасалынып, төмендегідей жұмыстар атқарылуда:

  • 1 қазан күні 8 сынып оқушылары өздері оқыған шығармалары бойынша ой бөлісті.
  • 20 қазан күні «Бір отбасы – бір кітап» кіші жобасы бойынша ата-аналарға Ашық есік күні ұйымдастырылды.
  • 30 қазан күні  3-4 сынып оқушылары «Оқимыз, Сахналаймыз!» кіші жобасы аясында оқыған әңгімелері мен ертегілерін  сахналады.
  • 22 желтоқсан 2022 жылы 1 А сынып оқушылары «Оқимыз, сахналаймыз!» кіші жобасы аясында «Кім күшті?» ертегісін оқып, сахналады.
  • 27 қаңтар мектеп дефектологы және кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында Т. Әбдіковтың шығармаларын насихаттау мақсатында 6 сынып оқушыларымен «Талант тағылымы» атты жарыс   болды. 
  • 14 ақпан «Алгорифм»   пән бірлестігінің «Логикалық эстафеталар»  жобасымен кіріктірілген  жобалар жұмысы аясында 30 оқушы арнайы берілген шығармаларды оқып, оны математика информатика пәндерімен кіріктіріп, тапсырмалар орындады.
  • 16 ақпан және 23 ақпан мектеп кітапханасында 2-5 сынып оқушылары арасында «Кел, бірге оқиық!» атты 20 минуттық кітап оқу минуты өтті.
  • 27 ақпан мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілері аудандық кітапханада өткен мақал-мәтел жарысына қатысты.
  • 6 сәуір күні 10 сыныптар арасында «Артық білім кітапта...» атты сайыс болды. 
  • Сондай-ақ мектепте «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша арнайы бұрыш ұйымдастырылған. Сол бұрышта арнайы апта сайын үзіліс кезінде «Әжемнің ертегісі» кіші жобасы аясында мектебіміздің кітапханашысы Г.Серікбаева 1-2 сынып оқушыларына ертегі айтып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып отырды. 



Оқушылардың бос уақытының ұйымдастырылуы туралы

Мектеп бойынша жалпы оқушы саны 750ден асады. Соның ішінде 305 оқушы нақты Қосыша білім беру мекмелерінде уақыттарын тиімді ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады. Ұлдар – 179; Қыздар – 121.

            Аудан орталығында мектеп оқушылары қатысатын 5 нақты мекеме бар. Олар: «Өрлеу» мектебі, «Шабыт» орталығы, Абай атындағы орта мектеп жанындағы «Шығармашылық орталық», Аудандық мәдениет үйіндегі гуманитарлық бағыттағы үйірмелер, Спорт мектебі.

            Аталған Қосымша білім беру мекемелері білім алушыларды тегін оқытумен қатар, түрлі іс-шаралар, жарыстарға қатыстыра отырып, білімдерін шыңдап,таланттарын ашуда. Әр мекеменің мүмкіншілігі жан-жақты қарастырылған. Балалардың қауіпсіз білім алуы, оқу кабинеттерінің талапқа сай болуы, оқытушылардың кәсіби маман иелері екені оқушыларымыздың аудандық, облыстық жарыстардағы иелегнген жүлдерлі орындары дәлел болмақ.

Жалпы аталған мекемелердің үйірме түрлері:

  • тоғызқұмалақ 
  • таэквондо
  • Футбол
  • Еркін күрес
  • Қол күрес
  • Ережесіз күрес
  • Күрес
  • Ақындар мектебі
  • Би
  • Қолөнер
  • Сөз өнері
  • Тігін
  • Мәнерлеп оқу
  • Актерлік шеберлік
  • домбыра 
  • Сурет 
  • Би
  • дәстүрлі ән
  • шахмат
  • хор
  • жас суретші
  • жас ақын, т.б

Үйірме бойынша мектеп оқушылары аудандық, облыстық жарыстардың жеңімпаздары атанып, Республикалық, Халықаралық додаларда бақ сынап, жүлделерге ие болды.


2022-2023 оқу жылындағы "Parasat" дебат клубы

Мақсаты:

Заман талабының сұранысына икемді, адами құндылықты жанына серік еткен, айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыру. Мектеп ішілік пікірсайыс турнирлерін ұйымдастру, ұздіктерді анықтап, ынталандыру. Мектеп намысын қорғайтын үздік оқушыларды анықтау. Мектеп оқушыларын мектепаралық, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық пікірсайыс турнирлеріне қатыстыру,   тәжірибе алмасу арқылы үздік натижелерге қол жеткізу.  

Күтілетін нәтиже:

  • Мектеп оқушылары бос уақытын тиімді пайдаланады;
  • Пікірсайыс арқылы белсенді азаматтық позициясы бар, жаңарған қоғамның жаңа азаматтары тәрбиеленеді.
  • Басқа адамдардың көзқарастарымен санаса алатын озық ойлы азаматтардың қатары  көбейеді;
  • Жастар өз бетімен білім алуға, ізденуге дағдыланады; 

Құрамы:  Алдынғы жылғы дебат клуб бойынша 9 фракция, 18оқушы болды. Биылғы оқу жылында 8 қатарымызға фракция қосылды.Қазіргі таңда клубта    34оқушы бар.

Дебат мүшелері 8-10 сынып оқушыларынан қүралып, Дебат жұмысының жылдық жоспарына сәйкес арнайы тақырыптарда дайындық жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар фракция арасында өзара «Дебат» ойындары ұйымдастырылады.  Соңғы пікірталас Кеген ауданының Дебат мүшелерімен сайысқа түсіп, қазіргі қоғамдағы өзекті әрі ауқымды қарарлар бойынша пікір алмасып, командамыз жеңіске жетті.

«Парасат» дебат клубы мен «Өзін-өзі басқару» ұйымы бірлесе отырып, жылдық жоспарға сай мектепішілік зияткерлік ойындарды ұйымдастырылды. Атап айтсақ, «ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» 7-8 сыныптар аралығында, бастауыш сыныптар бойынша «ЗЕРДЕ» интеллектуалды-ойыны, ұйым мүшелерінің ұйымдастыруымен зияткерлік бағыттағы «MI BATTLE» ойындары оқушылардың ақыл-ойын дамытумен қатар, шапшаңдыққа, ойлау қабілеттерін арттыруға бағытталды.



Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив