әлеуметтік педагог есебі » "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-59
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
ноябрь
2021

әлеуметтік педагог есебі

«Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі

Мектеп жанындағы интернатымен»коммуналдық  мемлекеттік мекемесінен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

2021-2022 оқу жылындағы  әлеуметтік педагогтың

жылдық атқарылған   жұмысына есеп





Әлеуметтік педагогтың мақсаты:

           Оқушылардың тұрмыстық жағдайын және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттеу. Оқушылардың әлеуметтік құқығын қорғау және балалардың дамуына жағдай жасау. Мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынасты дамыту. Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, азаматтық, әкімшілік, отбасылық қылмыстық заңдарды негізге алып, заңға бағынатын азамат тәрбиелеу. Мектептен тыс ұйымдармен өзара қарым-қатынасты үйлестіру. 

  • ҚР «Бала құқықтары туралы», «Неке және отбасы», «Білім туралы» заңдары басшылыққа алынып, бала құқығы мен мүдделерін қорғау мәселесі мектебімізде келесі бағыттар бойынша құрылды:
  • Балалардың құқықтары мен заңды мүддесіне байланысты ҚР заңдарын орындау;
  • Ата-аналарға, оқушыларға, мектеп ұстаздарына кеңес берілу, тренингтер өткізу, диагностикалық жұмыстар жүргізу;
  • Балалардың сапалы білім алуына және дұрыс тәрбиеленуіне әлеуметтік жағдай жасау;
  • Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жұмысын жүргізу;
  • Балалардың бос уақытын ұйымдастыру;

Тиісті мекемелермен (жұмыс пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, балалардың құқықтарын қорғау департаменті, денсаулық орындары, қамқорлық және қорғаншылық органдары, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясы) тығыз байланысты болу, бірігіп жұмыс жүргізу.

Осы бағыттар бойынша келесі міндеттерді шеше бастадық:

Ата-анасыз, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан балаларды, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды, олар туралы мәліметтер, құжаттар жинақталды.



 Міндеттері:

  • Оқушылардың қызығушылықтарын және қажеттіліктерін, қиындықтарын және проблемаларын уақыттылы анықтау;
  • Әлеуметтік, педагогикалық көмекті және қолдауды қажет ететін оқушыларға уақытылы көмек көрсету;
  • Әлеуметтік ынтаны дамытуға, әлеуметтік бағдарламалар және жобаларды іске асыруға бағытталған іс- шаралар ұйымдастыру;
  • Сабақтан тыс уақытта оқушының дарыны, ой және дене қабілеттерінің жақсаруына жағдай жасау;
  • Жеке тұлғаның мектепте, отбасында қоршаған әлеуметтік ортада психологиялылық жайлылық және қауіпсіздік жағдайларын туғызу;

Оқушыларға көмек көрсету үшін мұғалімдердің, ата-аналардың (оларды ауыстырып жүрген тұлғалар), түрлі қызметтер және органдар мамандарының әрекеттестігін үйлестіру.

Мектептегі тамақтану бойынша 

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысын негізге ала отырып, Қыркүйек айының 2 сінен бастап аз қамтылған, жетім,  жартылай жетім балалары ыстық тамақпен 137 оқушы қамтылып отыр. Оның 117 оқушысы «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан қамтамасыз етілсе, 20 оқушы жалға алушы есебінен тамақтанады. Оның ішінде аз қамтылған отбасынан 91 бала, көп балалы отбасынан 20  бала, жартылай жетім 5 бала, жетім 1 бала тамақпен қамтылған. 1-4 сынып аралығында 79 оқушы тамақтанса, 5-7 сынып аралығында 38 оқушы тамақтанады.  


«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ

               Ұйғыр ауданының білім бөлімінің 2021 жылғы мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтуды қамтамасыз ету үшін, көп балалы, аз қамтылған, жетім балалар мен  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен  оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын-алу үшін көмек көрсету мақсатында 2021 жылдың 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында «Жүректен жүрекке», «Мектепке дайындаймыз» тақырыбымен «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Аталған акция барысында мектепішілік іс-шара жоспары бекітілді. Осыған орай мектептегі әлеуметтік аз қамтылған оқушылар тізімі жасалып, көмекті қажет ететін оқушылар анықталды. Ұйғыр ауданының тұрғыны жеке кәсіпкер Данабаев Шыңғыс, Лотаров Эльзат ағамыз 10 оқушыны оқу құралдарымен қамтамасыз етсе, Аудандық білім бөлімінің ұжымы 10 оқушыны спорттық киіммен қамтыды.


        2021 жылғы  тамыз - қыркүйек айында өтетін «Мектепке жол»  акциясында  демеушілік көрсеткеніңіз үшін   Дастархан кафесінің басшысы  Жалалова Нұрхан «Жанұя» сауда үйінің басшысы Данабаев Шыңғыс, «Арзан» сауда үйінің басшысы Лотаров Эльзат сіздердің көмектеріңізбен, жетім, жартылай жетім, аз қамтылған немесе белгілі себептермен қиын жағдайға тап болған көмекке мұқтаждығы бар адамдарға қаржылай белсенділігіңізбен  демеушілік салаңызда атқарған  нәтижеліеңбектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз!    

Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы «Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі

 Мектеп жанындағы интернатымен»коммуналдық  мемлекеттік мекемесінен

8а сынып оқушысы Тұрлығожа Асем 12750теңгеге,  9б сынып оқушысы Токарзаев Аділетке 13200теңгеге, 6а сынып оқушысы Орысбай Ерасыл 12050 теңгеге, 5а сынып оқушысы Абдыкас Айбекке 12000 теңгеге, 10а сынып оқушысы Орысбай Асхатқа 12000 теңгеге, 2б сынып оқушысы Узбеков Дильмуратқа 12000 теңгеге, 9ә сынып оқушысы Нұрболқызы Ақмаржанға 12120 теңгеге, 1а сынып оқушысы Еркін Маржан 12000 теңгеге, 4а сынып оқушысы Мирашова Дарияға 11410 теңгеге, 5а сынып оқушысы Тастанова Айсұлуға 10440 теңгеге мектеп формаларын және срорттық киімдер әперілді. Мектеп ұжымы жартылай жетім 20 оқушыға,мектеп басшысы 2 оқушыға,ауыл жастары 20 оқушыға  барлығы 52 оқушыға 320 000 теңге қаражат жұмсалды.

        Ең бастысы, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарындағы балаларға көңіл бөлгендеріңізге және мектеп формаларымен оқу құралдарын  қамтамасыз еткеніңізге АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ!

«Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен»коммуналдық   мемлекеттік мекемесінің

жаңа жыл шыршасына баруы туралы

Анықтама

            Аудандық білім бөлімінің 2021 жылғы 24 желтоқсан айының №446-н бұйрығына сәйкес 2021 жылдың 25 желтоқсан  Аз қамтылған, көп балалы, жетім, жартылай жетім балаларынан 12 оқушы жіберілді.Карантиндік жағыдайға байланысты  оқушылардың  жаңа жылдық сыйлықтарын үй үйлеріне аяз ата, ақшақар болып киініп мерекелік шараға  жақсы көңіл күй сыйладық.  Жыл сайын дәстүрге айналған жаңа жыл шыршамыз жылдан жылға керемет өтуде. Бала үшін ол үлкен мәртебе деп ойлаймын. Аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға осындай жақсы іс-шараларға тартып, жақсы игі істер жасалынса ол біз үшін мақтаныш болар еді. 


Мектеп ұжымының қолдауымен 59 оқушыға жаңа жылдық сыйлық таратылды.

Олар жартылай жетім,көп балалы,жетім,аз қамтылған үйдень оқитын оқушылар.Ата-аналар демеушілерге және мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.


Похожие публикации:

01 сентябрь 2021 әлеуметтік педагог
01 сентябрь 2021 Лауазымдық міндет
10 март 2020 Ыстық тамақ
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив