2021 – 2022 оқу жылындағы Элективті курстардың оқытылу барысы туралы анықтама » "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-59
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
январь
2022

2021 – 2022 оқу жылындағы Элективті курстардың оқытылу барысы туралы анықтама

Ұйғыр ауданының білім бөлімінің «Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2021 – 2022 оқу жылындағы Элективті курстардың оқытылу барысы туралы анықтама

         2021 – 2022 оқу жылында Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 5 сыныптарда «Парасаттылық және әдеп» бағыты бойынша «Жаратылыстану қызықтары» тақырыбында 4 сағат элективті курс оқытылды. Курсты жүргізген география пәнінің мұғалімі Г.Дауранбекова. Курс дүйсенбі күні өткізіледі. Курстың мақсаты білім алушыларды «жаратылыстану» пәндеріне деген қызығушылығын ояту және логикалық қабілеттерін дамыту. Курс 34 сағатқа жасалынған. Курс барысында көбінесе тиімді платформалар пайдалана отырылып жүргізіледі. 

         Экология бағыты бойынша «Бізді қоршаған орта» тақырыбында 6 сыныптарға 3 сағат элективті курс жүргізіледі. Курсты жүргізген биология және экология пәнінің мұғалімі Г.Тышқанбаева. Курста бізді қоршаған орта, табиғатты қорғау және экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсаты алынған. Курс дүйсенбі, сейсенбі күндері өткізіледі. Білім алушылардың қызығушылығы жоғары, курста орындалатын тапсырмалар қызықты, функционалдық сауаттылыққа тәрбиелейді.

         «Ұлы дала тарихы» тақырыбында 7 сыныптарда 3 сағат элективті курс жүргізіледі. Пән мұғалімі тарих пәнінің мұғалімі А.Ташкенов. Курстың мақсаты Қазақстан тарихындағы кездесетін елеулі оқиғаларды дәріптеу, насихаттау, патриоттық тәрбие беру.  Курс дүйсенбі, жұма күндері өткізіледі. 

         7 сынып бойынша «Сыни ойлау» тақырыбында курс жүргізіледі. Пән мұғалімі Х.Бейсенбиева. Курс білім алушылардың сыни ойлау дағдысын қалыптастыру және функционалдық сауаттылыққа тәрбиелеу. Курс сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері өткізіледі.

         8 сыныптар бойынша «Медиасауаттылық» бағыты бойынша «Роботехника» курсы жүргізіледі. Пән мұғалімі информатика пәнінің мұғалімі Б.Қарағол. Курстың мақсаты ақпараттылық сауаттылыққа тәрбиелеу, функционалдық  сауаттылығын дамыту. Курсқа білім алушылардың курсқа қызығушылығы жоғары, белсенді қатысады. Курс бейсенбі, жұма күндері өткізіледі, 34 сағатқа жасалынған.

         9 сыныптар бойынша «Дінтану және зайырлық негіздері» тақырыбында курс жүргізіледі. Пән мұғалімі тарих пәнінің мұғалімі Ш.Талипбаева. Курс бейсенбі күндері өткізіледі. Оқу бағдарламасына сәйкес 34 сағатқа жасалынған.  

         9 сыныптар бойынша «Абайту» курсы жүргізіледі. Курстың арнайы бағдарламасы бар, 34 сағатқа жасалынған. Пән мұғалімі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Абдилова.

         10 сыныптар бойынша «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» тақырыбында курс жүргізіледі. Пән мұғалімі технология пәнінің мұғалімі Э.Мекебаева. Курстың мақсаты білім алушыларды бизнес құпияларымен таныстыру, бизнес жоспар жасауға тәрбиелеу, кәсіпкерлікті насихаттау. Курс сейсенбі, бейсенбі күндері өткізіледі.

        11 сыныптар бойынша «Биология», «Абайтану», «Волейбол», «Әлем шаруашылығы ғаламдық географиялық жүйе», «Кәсіптік бағдар», «Қазақстан тарихы», «Математикалық сауаттылық», «Тұрмыстағы химия» бойынша курстар өткізіледі.

         Жоғарыда көрсетілген курстар бойынша әрбір пән мұғалімі қосымша сабақтар ұйымдастырып, әртүрлі тиімді платформаларды пайдалана отырып өткізеді.       

Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив