Мектеп тарихы » "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-59
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

Мектеп тарихы

Алматы облысы Ұйғыр ауданының білім бөлімінің  Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді
 

 
 

Қазақстан Республикасы

Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 

бағдарламалық мақаласынан


1/4



Мекеме  тарихы


        1893 жылы Тоғызбұлақ ауылында 47 бөлмелі, 100 орындық интернаты бар, кітапхана, моншасы, 10 га жері бар білім ордасы салынды. Мектеп 1938 жылы Үлкен Ақсуға, 1944 жылы Шонжыға көшірілді. 1958 жылы ұйғыр мектебі бөлінсе, 1968 жылы «Шонжы қазақ орта мектебі»  болып өз алдына отау тікті.Ол кезде мектепте 552 оқушы, 28 мұғалім, 20 сынып тобы болды. Мектептің алғашқы басшысы С.Иманбаев, оқу-ісінің меңгерушісі А.Торғаев, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырушы М.Құрмановтар болды. 

     Бүгінде өзінің 40 жылғы тарихында бауырынан шәкірт ұшырып, қияға шырқатқан ұлағатты мекен, қасиетті қара шаңырақ.  Сол уақыттан бері 3309 оқушы бітіріп шықты. 14 оқушы «Алтын медальға», 12 оқушы «Күміс медальға», 2 оқушы «Үздік аттестатқа» бітірді.

      Ауданымыздан тұңғыш рет шыққан алғашқы ағартушы, ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Ж.Құдайбергенов есімін кейінгі ұрпақтың есінде мәңгі қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінен   12 мамыр 1993 жылғы №383 Қаулысымен Шонжы қазақ орта мектебіне Жаңабай Құдайбергеновтың есімі берілген.

Жаңабай жүрген жолдар


Жаңабай Құдайбергенов1865 жылы қазіргі Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Қырғызсай селосында дүниеге келген.

1871-1877 жылдары Жаркент медресесінде оқып, үздік бітірген.

1877-78 жылдары Қашқар,  Монғолия, Қытайда болған.

1879-1880 жылдары Алматы, бішкек, Ош, Самарқант, Ашхабат, Ташкентте болған.

1881 жылы Қарқараға албан еліне Жамбыл ақын келіп, Жамбыл мен Жаңабай кез болған.

1882-1883  жылдары Омбы арқылы Сахалин, Кәмшатта болған.

1883-1885 жылдары Омбы арқылы Байкал, Орхон-Енисей бойларын аралаған.

1886 жылы Орынбор-Москвада болған.

1887-1888 жылдары Пекинге барған. Қытай архитекторы Хон-Пикті әкелген. Хон-Пиктің жобасымен Жаркент мешіті салынған.

1888-1890 жылдары елде болған. Тоғызбұлақ қыстауында жеті бөлме ағаш үйін, бау-бақшасын салғызған. Тоғызбұлақ өз үйінің қасындағы арасанды жөндеткен.

1890 жылы Стамбулда болған.Сол жылы Албан еліне атақты ақын Жамбыл келген. Жамбылды Жаңабай ертіп ел-жұртты аралатқан.

1891 жылы Қырым-Кавказды аралаған.

1892 жылы Жаркент мешіті біткен.1888-1892 жылдары архитектор Хон-Пикпен Жаңабай мешіт салуға басшылық жасаған.

1893 жылыТоғызбұлақтағы 47 бөлмелі мектеп, сахана, жатақхана, кітапхана, монша, 10-га бағы бар білім ордасын салғызған. Бұл мектеп 1885 жылдан 1893 жыл арасында біткен. Үлкен салтанатты той болған.

1894-1895 жылдары Ауған, Иран, Иракта болған. 

1896 жылы Петербургта болған.

1897-1898 жылдары Пекинде болған Қытай архитекторы Хон-Пикті еліне апарып салған.

1900 жылы Монғолға барған.

1901 жылы Үндіде болған.

1903 жылы Мәскеуге барған.

1904-1905 жылдары елде болған. Ақтөбе каналын қаздырған. Канал суына егін еккізген, бау-бақша салдырған. Кедей жатақтарды орналастырған.

1906-1910 жылдары Темірлік-Қалжат шаппа жолын жасатқан.

1911-1912 жылдары елде болған, би-болыс болған.

1913 жылы Роман тұқымының 300 жылдық тойына Петербургке барған.

1914-1915 жылдары елде болған. 1916 жылы Қарқара ұлт-азаттық көтерілісінің басшыларының бірі болған. Көтеріліс жоспарын жасап, іске асыруды ұйымдастырғаны үшін патша ұстатып, аяқ қолына кісен салып, Қарақол қаласындағы түрмеге қамаған. 1916 жылы 12 тамыз күні Қарақол түрмесінде атылған.



2008 жылы 6 маусымда Жаңабай Құдайбергеновтың туғанына 145 жыл толуына орай мектептің алдына бабамызға арналған ескерткіш мүсін орнатылып, мұражай ашылды


Бүгінгі күнде:


Жалпы оқушы саны-781

МАД тобы тәрбиеленушілері-53                                       

Оқушы саны—781 , олардың ішінде ұл- 382 , қыз-399

Қазағы-  740 , ұйғыры-38 , орыс-3 , өзге ұлт өкілдері-0

І ауысымда- 382  оқушы, ІІ ауысымда 399 оқушы

1сыныпта-  75 оқушы

2 сыныпта- 81  оқушы

3сыныпта- 8 6 оқушы

4 сыныпта- 88  оқушы

5 сыныпта- 89   оқушы

6 сыныпта- 74  оқушы

7 сыныпта-  78  оқушы

8 сыныпта- 74 оқушы

9 сыныпта - 64 оқушы

10 сыныпта – 32  оқушы

11 сыныпта-  40  оқушы


Мұғалімдердің саны—110

Жоғары санатты педагогтар— 3

Бірінші санатты мұғалімдер—6

Екінші санатты мұғалімдер  - 10 

Санатсыз  мұғалімдер   саны – 24

2021 -2022  оқу жылында жұмыс атқарып жатқан мұғалімдер-101 

 Жүктілік демалыста – 9.  

Деңгейлік бағдарламалар бойынша қайта даярлаудан өтті – 21 мұғалім:

І (озық) деңгей – 3 мұғалім

ІІ (негізгі) деңгей – 1 мұғалім

ІІІ (базалық) деңгей – 16 мұғалім

Мектеп тренерлері -5 мұғалім

Көшбасшы  мұғалім - 1

Жас мамандар-8

Жаңартылған білім мазмұны шеңберінде  курстан өткен мұғалімдер – 89. 


Мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілері—54  олардың,  ішінде ұл-32, қыз-22




Похожие публикации:

15 апрель 2021 Денсаулық күні
10 март 2020 Ыстық тамақ
24 апрель 2017 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив