Ыстық тамақ » "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-59
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
март
2020

Ыстық тамақ

Ұйғыр ауданының білім бөлімінің «Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2019-2020 оқу жылында оқушыларды ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастырудың анықтамасы

2020 жылдың 10 ақпан айынан бастап қамқоршылық кеңестің шешіміне сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алатын 85 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Асхананы жалға алушы Лайбекова Гульнара Омиралиевнаның есебінен 20 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
2020 жылдың ақпан айынан бастап жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржыдан Қазақстан Республикасының №64 қаулысын басшылыққа ала отырып, қамқоршылық кеңестің шешіміне сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан 52 отбасы 92 оқушы, оның 1 оқушысы жетім, 1 оқушысы оралман ыстық тамақпен қамтылған. 7 оқушы ыстық тамақтан бас тартты. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан оқушы жоқ. Қазіргі таңда асхананы жалға алушы есебінен 20 бала, ЖМББҚ – нан 85 бала ыстық тамақпен қамтылып отыр.
Ыстық тамақтың бір күндік ақысы бастауыш сыныптар үшін 300 теңгені, ал жоғары сыныптар үшін күні 400 теңгені құрап отыр.
Ешқандай әлеуметтік мәртебеге жатпайтын өзге оқушылар үшін мектеп асханасында күнделікті 100-150 теңгеден тұратын бір мезгілдік шай самсасымен қарастырылған.
Мектептің ас блогы асханадан, буфет және тамақ сақтау бөлігінен тұрады. Асханада 2 мұздатқыш, 1 электр плиткасы бар. Қазіргі таңда бұл құрылғылар жұмыс істеп жатыр. Мектеп асханасында ыдыс-аяқпен жабдықталған. Асханда үш адам жұмыс істейді, яғни бір аспазшы, екі аспаз көмекшісі бар. Бұл адамдардың барлығы медициналық тексеруден өткен, жұмыс істеуге рұқсат қағаздары бар. Асхананың жұмыскерлерінің барлығы жұмыс киімдерімен, яғни халат, алжапқыш, бас киімдермен толық қамтылған.
Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы , азық- түлік сақтайтын қоймалар, азық-түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай болуын, ас блогы қызметкерлерін тексеріп - қарау журналы, дайын тағамдардың бракераж журналы, шикі тағамдардың бракераж журналы күнделікті асханаға түсетін азық-түліктерінің тіркелуін, ыстық тамақтың сапасымен дәмін күнделікті мектеп медбикесі Надям Зайрованың тарапынан қадағаланып отырады. Бекітілген ас мәзірі бойынша балаларға тарқатылады. Асханада ас мәзіріне байланысты стент ілінген. Онда бір апталық ас мәзірі, бір күндік ас мәзірі, оқушылардың күнделікті ыстық тамаққа келу уақыты және оқушылардың І- ауысым, ІІ ауысымда оқутын оқушылардың тізімі ілінген. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексеріледі. Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржыдан тамақтанатын оқушылардың күнделікті ыстық тамақпен өз уақытында қамтылуы мектеп әкімшілігі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Асильбаева мен әлеуметтік педагог А.Есенбаева, мектеп медбикесі Н.Зайрова тарапынан қадағаланып тұрады. Мектеп асханасында кезекшілік кестесі құрылған. Кезекшілік кестесіне сәйкес мұғалімдер өз міндеттерін уақытылы атқарады.


Әлеуметтік педагог А.Есенбаевa


Ыстық тамақ
Ыстық тамақ

Похожие публикации:

24 апрель 2017 Мектеп тарихы
24 апрель 2017 Мектеп ұжымы
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив