жылдық есебі » "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-59
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
май
2021

жылдық есебі

«Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналды мемлекеттік мекемесінің
педагог-психологтарының 2020 - 2021 оқу жылының 
  есебі
        1. 2020 - 2021 оқу жылында аталған мектепте 2 педагог- психолог жұмыс жасауда, білімдері жоғары. 2020 жылы қазан   айында білім жетілдіру курсынан өтіп, сертификатталды.
2. Жұмыс барысында басшылыққа алынған құжаттар психологиялық қызмет туралы нормативтік құжаттар, ҚР Конституциясы, Балалар құқықтары Конвенциясы, ҚР Неке және отбасы туралы Заңы, психологтың әдеп кодексі және лауазымдық міндеттерін негізге ала отырып 2020 -2021 оқу жылына  психологиялық қызметі бойынша 4 бағытта (психодиагностикалық, психопрофилактикалық, психокоррекциялық, кеңес беру) жылдық, айлық  және апталық жоспарлар құрылып, төмендегідей жұмыстар атқарылды.  
Психодиагностикалық бағыт:  жоспарға сәйкес оқу жылының басында, яғни қыркүйек айында     1, 5 және 10 сынып оқушыларын диагностикалау  мақсатында 1 сынып оқушыларынан  мектепке бейімделу деңгейін  анықтауға   арналған   Керн - Йерасик  тесті жүргізіліп, нәтижесі талданды.  Сондай ақ Г. Айзенктің  Психикалық күйді бағалау әдістемесі  жүргізілді, сыныптың ұйымшылдық деңгейін анықтауға және тұлғаның сыныптағы орнын анықтауға арналған социометриялық әдістеме жүргізілді.  Әр бір әдістеме мен сауалнама қорытындылары шығарылып оқушылардың жеке диагностикалық карталарына тіркелді.    
5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін анықтау мақсатында  оқушыларды сабақ және сабақтан тыс кезінде бақылау жұмыстары ұйымдастырылды. 5 сынып оқушыларының сабағына қатысу және әңгімелесу кезінде оқушылардың орта буынға бейімделуі орташа деңгейде жүріп жатқандығы байқалды, яғни   кей мұғалімдермен тіл табысуы және сабақтардың күрделенуі әсер етуде екендігін және қызықты сабақтар қосылып жаңа мұғалімдермен танысқандығы  туралы 5 сынып оқушылары айтып өтті. Және де  бейімделу кезеңінен өту барысынды қиналып жүрген оқушы анықталмады.  5    сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын деңгейін  анықтау мақсатында  «Өзін-өзі бағалау» әдістемесі жүргізілді. Нұсқау бойынша оқушыларға берілген      баспалдақта өзіне ұнаған  
жеріне адам суретін салу ұсынылды. Әдістеме қорытындысы бойынша қатысқан 84 оқушының 70% – жоғары, 25% –орташа және   4 пайыз, яғни 1оқушы өзін  төмен бағалағандығы  анықталды. Сондай-ақ, темперамент типтерін анықтау барысында 45% - сангвинник, 45% – флегматик, 4,5% –  меланхолик, 4,5% - холерик- сангвинник  типіне     жататындығы анықталды. 
      Социометрия әдістемесі бойынша жүргізілген қорытындының негізінде орта буын сыныптарында оқшау қалған оқушылар анықталды. Оқшау қалған оқушылардың себебін анықтау барысында, ол оқушылардың  жаңадан келгендігі  және әлі танысып үлгермегендігі анықталды.  Ал, жоғарғы сынып оқушыларында оқшау қалған оқушылар анықталған жоқ. 
Мамандық таңдауға арналған сауалнамалардың қорытындысы бойынша,
арман – мақсатына жетуге деген табандылық деңгейін анықтау барысында қатысқан 68 оқушының; 41- жоғары, 25 –орташа, 2-төмен деңгейді көрсетті, ал Голлонд тесті бойынша 32% оқушы –әртистік типке жатады, 22%- іскер тип, 34%-әлеуметтік, 2%-зияткерлік, 11%-конвенционалды, 4,5% –реалистік типке жататындаға анықталды.
Жасөспірімдер мен кәмелеттік жасқа толмағандардың арасындағы қылмыстық әрекет пен құқық бұзушылықтың  алдын  алу мақсатында әр тоқсан сайын оқушылардан жасырын сауалнамалар алынды.
Психопрофилактикалық бағыт:
1-ші сынып оқушыларының бейімделуі туралы-психологтың ата-анамен кездесуі.
Балалармен мен жасөспірімдердің  психикалық денсаулығы.
Ата-аналарға кеңес https://drive.google.com/open?id=1We_ix_j9Tgk4rN_1uoI4S6mqmQ3SJJ6K&authuser=0 
Мазасыз ойлардан арылу https://www.youtube.com/watch?v=pxp85RC83Wk 
Психикалық денсаулық – психологтың оқушылармен кездесуі.
https://drive.google.com/open?id=1gHHRnkVsGikY8dBEfWw4JRQUUO5YzKyK&authuser=0 
Сіз үшін не маңызды? Құндылық тесті https://www.youtube.com/watch?v=zRxBF5nIYzU 
Кибербуллинг – интернет қауіпсіздігі
10 қыркүйек «Отбасы күніне орай мектебіміздің бастауыш сынып оқушыларымен «Отбасы құндылықтары» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастаралды және 5-ші сынып оқушылармын   «Отбасымның қызықты бір күні» тақырыбында  сынып сағаттары өткізілді               
   Суицидтің алдын –алу және оқушылардың өмірге деген позитивті көзқарастарын арттыру  мақсатында            Дүниежүзілік суицидқа қарсы күрес күніне орай      «Мен өмірді таңдаймын!» акциясы мектеп   оқушыларына  ұйымдастырылды            Жүргізілген  акция барысында бастауыш сынып оқушылары  «Біз бақытты баламыз!» тақырыбында  түрлі суреттер салды. Суреттерге түсінік бергенде балалар  ашық   аспанды бейнелегені соғыссыз бейбіт өмір сүрудеміз, айналамызда достарымыз, ата-анамыз бар  еркін ойнаймыз сонымен біз бақыттымыз деп айтты.   9-11 сынып оқушыларымен  «Дүниежүзілік психикалық күніне орай» «Балалардың психикалық денсаулығы» тақырыбында «Zoom» платформасы арқылыонлайн кездесу ұйымдастырылды  . 
Қараша айында 9.11.2020 ж. Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ   апталығына орай жоспарға сәйкес мектеп психологтары және сынып жетекшілерімен бірлікте бастауыш сынып оқушылары арасында «Қатыгездік пен зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» онлайн сурет көрмесі ұйымдастырылды және 8-11 сынып оқушыларымен «Zoom» платформасы арқылы «Өз құқығыңды білесіңбе?» тақырыбында онлайн жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда балаларға тұрмыстық , психикалық зорлық- зомбылықтың алдын алу туралы және кибербуллинг туралы ақпараттар берілді.   Оқушылар белсене қатысып, қызығушылық танытты және жаңа терминдердің қолданысы және интернеттегі түрлі келеңсіздіктер туралы ақпарат алды.  Сонымен қатар мектебіміздің тәрбие ісі орынбасарларымен бірлікте «Zoom» платформасы арқылы  9-11 сынып оқушылар арасында  арқылы «Зорлық – зомбылықсыз әлем» тақырыбында эссе жазып, өз ойларын ашық, жүйелі жеткізді.                                              
 2020 оқу жылының Желтоқсан айында мектебімізде  «Жүректен – жүрекке» акциясы ұйымдастырылды, мұнда оқушылар өздерінің  сүйіспеншілігі мен қайырымдылығын білдіру мақсатында   денсаулығына байланысты ЕРІКТІЛЕР тобы,  үйде оқитын   оқушылардың үйіне барып бірге көңілді уақыт өткізіп, көңілдерін көтеріп өз қолдарынан   шыққан заттармен бөлісіп, сыйға тартып келді.                                                                                           
11 сынып оқушыларымен ҰБТ- ға дайындық кезіндегі психологиялық ахуалды жақсартуға арналған жаттығу жұмыстары жүргізіліп топтық кеңестер берілді және есте сақтауға және зейінді дамытуға арналған жаттығулар жүргізілді. Мазасыз ойлардан арылу https://www.youtube.com/watch?v=pxp85RC83Wk
Мамандық таңдауға байланысты  9 сынып оқушыларымен «ZOOM» платформасы арқылы  «Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау» тақырыбында кездесу өткізілді. 
Психокоррекциялық  және  дамытушылық  бағыт: 
1- сыныптағы оқшау қалған, үрей деңгейі мен өзін-өзі бағалауы төмен балаларға психокоррекциялық жұмыстар жасалынып «Отбасы суреті» әдістемелері. 5- 11 сынып оқушыларына «Ми жұмысын дамытуға бағытталған кинезиологиялық жаттығулар» ұсынылды.
    Диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша бастауыш сынып    оқушыларымен жекелей жұмыстар жүргізілуде  (арт терапия, ертегі терапия, т.б.)
11 сынып оқушыларына мемлекеттік емтиханға дайымдық барысындағы психологиялық жаднама-  кеңестер берілді. Сондай ақ, оқушыларға қашықтықтан оқу барысында кездесетін кемшіліктердің алдын алу мақсатында  кинезиологиялық жаттығулар өткізілді.  
Психологиялық  кеңес  беру:
 Мемлекеттік емтихан және   ҰБТ – ге байланысты ата –аналар жиналысында топтық кеңестер берілді, сондай- ақ әр түрлі және жеке мәселелер бойынша жеке кеңестер берілді.
   9 Б сынып оқушыларымен  «Кәсіптік бағдар бойынша тұлғаның қалыптасуына  және өзін – өзі табуға» бағытталған топтық және жеке кеңестер берілді.
   11 сынып оқушыларымен ҰБТ –ке деген көзқарасы , дайындығы туралы сұхбаттасып мемлекеттік емтихан және  ҰБТ-ке дайындық кезіндегі психологиялық ахуалын дамытуға арналған  топтық кеңестер аптасына 1 рет берілуде.
 Жеке оқушыларға, ата-аналарға және ұстаздарға жеке мәселесі бойынша кеңестер әрдайым   беріледі.
Қашықтықтан оқыту жүйесіне көшуге байланысты 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап оқушыларға, ата-аналарға және ұстаздарға қашықтықтан топтық кеңестер берілді. «құндылықты анықтауға арналған тест», https://drive.google.com/open?id=1gHHRnkVsGikY8dBEfWw4JRQUUO5YzKyK&authuser=0, «ата-аналарға кеңес», https://drive.google.com/open?id=1We_ix_j9Tgk4rN_1uoI4S6mqmQ3SJJ6K&authuser=0  «ақпараттық қауіпсіздік», https://drive.google.com/open?id=1o-SeYesjT4RGyyx7q6EabSjUMSi2sKZj&authuser=0  «мазасыз ойлардан арылу жолдары», https://drive.google.com/open?id=13Ld9cklQCGTphFs1R2rfnwPGAvWf99GX&authuser=0  «емтиханға дайындық кезіндегі психологиялық көмек», https://drive.google.com/open?id=1dZGv52v-5NCHuYN3Yud4eYRhochiWben&authuser=0  «Оқушыларға арналған емтиханға дейінгі әдістемелік ұсыныс» (https://drive.google.com/open?id=1qNTf2biW1UTQXJ7CF__ZWSbq1CuUyUf1&authuser=0)  тақырыбында   бейне сабақ-кеңестер берілді.   Сондай-ақ, ата-ана өтініші бойынша   психологиялық көмекті қажет ететін кейбір оқушылардың үйіне барып жеке кеңестер берілді.
 Педагог-психолог                      Акылбекова Л.С.
                                                  Байжұмаева А.М.
                 
SWOT- кестесі
Күшті жақтары:
1. Оқушы, ата-ана, мұғалімдердің жеке кеңеске өз еркімен келетіндіктері.
2.    
3. Өткізілген акцияларға оқушылардың белсенділік және қызығушылық танытуы
4.  50 - диагностикалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп
5. 21 - коррекциялық дамыту жұмыстары
6. 25-топтық кеңестер беріліп
7.  58 жуық жеке кеңестер беріліп, жоспарланған жұмыстардың  85% орындалды. 
8.     Атестатциядан өткеніміз және білім жетілдіру курсынан өттік
9. 1 Авторлық бағдарлама даярлануы
Әлсіз жақтары:
 1. Дарынды оқушылармен жұмыстың жүйелі жүргізілмеуі.
  3. Педагогикалық-психологиялық  консилиумның тұрақты өткізілмеуі. 
4. Мектептегі атқарылған жұмыстар бойынша аудандық, облыстық баспаларға мақалалар жариялау.
Мүмкіндіктері:
1.  
2. 
Қауіптері:
1.     Мектеп оқушыларының арасында ауто деструктивті мінез- құлықтың әлі де байқалуы.
Педагог- психолог:                          Акылбекова Л.С.
                                                                                   Байжұмаева А.М.
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив