№1 Әдістемелік кеңес » "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-59
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
сентябрь
2023

№1 Әдістемелік кеңес

Ұйғыр ауданының  білім бөлімінің «Ж.Құдайбергенов атындағы орта   мектебі мектеп жанындағы интерантымен» мемлекеттік коммуналдық   мекемесі 

Хаттама   №1 


Күні 29.08. 2023 ж.

қатысқандар:  89

қатыспағаны:  5 –себепті 

Күн   тәртібінде: 

  1. Іс-әрекеттегі тәжірибені зерттеу-  мұғалімнің зерттеу қабілетін арттырудың тиімді құралы 

                             ( тарих пәні мұғалімі  Н.Матаева   )

  1. Әдістемелік нұсқау  хат ерекшеліктеріне тоқталу 

                        ( директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Абирова   )

  1. Жаңа оқу жылының нормативтік құжаттарымен таныстыру

( директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Абирова   )


  1.  Ағымдағы мәселелер.

Тыңдалды: 

        Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша тарих пәні мұғалімі Н.Матаева  шебер сынып ұсынды.  Алдымен  әрекеттегі зерттеу теориясына тоқтала отырып,   өзінің  жеке зерттеу   сұрағымен жасаған іс- тәжірибесімен таныстыра отырып,   мұғалімдерге   практикалық  жұмыстарын ұсынды.  

Зерттеу сұрағым: Оқушылардың оқу мақсатына жету деңгейін анықтайтын рефлексия беру дағдыларын дамыту 

Әрекетті зерттеу немесе әрекеттегі зерттеу – өз тәжірибеңе рефлексия жасау. Іс-әрекетті зерттеу бойынша зерттеу тақырыбым: «Оқушылардың оқу мақсатына жету деңгейін анықтайтын рефлексия беру дағдыларын дамыту».

Зерттеудің түрлері:
 1. Дербес зерттеулер (негізінен -жеке, бірақ жұп/топ та болады).
 
2. Сабақты зерттеу (Lesson study).
 3. Case study (
жекежұп/топ), т.б.

Дербес зерттеу бойынша зерттеу сұрағын таңдамас бұрын менің сабақтарымдағы қиындықтар тізбесін жасадымолар

- оқу материалының мазмұнының рефлексиясы;

- оқушылардың өз ойын (идеяныжүйелі жеткізу дағдысын жетілдіру;

- өзіндікой қорытындысын жасау дағдыларын дамыту;

-жазбаша ой қорта білуді жетілдірут.б.

Аталған қиындықтар тізбесінде ортақ шешу жолын іздеу үшін менің алдымда білім алушыларда оқу материалының мазмұнының рефлексиясын дамыту керектігі тұрдыСебебі осы дағдыны дамыта отырыпөзге де қиындықтармен жұмыс жасалатынын байқадым.

Іс-әрекетті зерттеу бойынша зерттеу тақырыбымдыяғни «Оқушылардың оқу мақсатына жету деңгейн анықтайтын рефлексия беру дағдыларын дамыту» тақырыбын таңдаған соң бірден зерттеуге көштімАлдымен рефлексияның түрлеріне тоқталатын болсам, төмендегідей түрлері бар:

I.Мақсатына қарай:  Эмоционалдық жағдайдың рефлексиясыіс-әрекет рефлексиясы және оқу материалының мазмұнының рефлексиясы деп бөлінеді.

1.Көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы. Көңіл-күй мен эмоционалдық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Сабақтың басында және аяғында адамның көңіл-күйі бейнеленген карточкалар, көңіл-күйді білдіретін түстер т.б. қолдануға болады.

2.Іс-әрекет рефлексиясы. Жеке жазба жұмыс рефлексиясы. Оны үй тапсырмасын сұрау кезінде қолдану тиімді. Сабақтың аяқталған кезеңінде іс-әрекеттік рефлексия тәсілі арқылы сабақ барысында әр оқушының белсенділігін бағалау мүмкіншілігін береді. Оқушыны өз бетімен сараптауға, талдау жасай білуге үйретеді және қызығушылық негізінде шығармашылық бағытының тұрақталуына, кемшіліктерді жоюға, жауапкершілікпен қарауға бейімдейді.

Н.Матаева зерттеу барысы, зерттеу сұрағы, зерттеу кезеңдері, зерттеу құралдары,  деректер жинау, талдау,  свот   кестесін  таныстырды. 

Ұсынылған жаттығулар:
     Өзіңізді толғандыратын проблема (қиындық, кемшілік) бойынша зерттеу тақырыбын құрастырыңыз.
     Тақырыпты «проблема және оны шешу құралдары» сызбасы бойынша құрастырыңыз.

2-4 зерттеу (ақпарат жинау) тәсілдерін таңдаңыздар. Мұғалімдер жұмыс жасай отырып,  жеке зерттеу бойынша білімдерін жетілдірді. 

Қаулы:  1. Н.Матаеваның  әрекеттегі   зерттеу  бойынша  ұсынған шебер сыныбы мұғалімдер назарына алынып,  әр мұғалім жеке зерттеу жұмыстарын жандандырсын. 

           Екінші мәселе бойынша Ж.Абирова 2023-2024 оқу жылына арналған әдістемелік нұқсау хат ерекшеліктерімен таныстырды. 

Ерекшеліктері: 

Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасын, 2-11 (12)-сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды. 

² 1-2-сыныптарда «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері, 3-4-сыныптарда – «Көркем еңбек» кіріктірілген пәні оқытылады. 

² Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің 1-сыныбында «Әліппе», «Ана тілі» пәндері оқытылады, 2-сыныбында «Орыс тілі» пәнін оқыту басталады. 

² Жоғары сыныптарда ағылшын тілінен оқу жүктемесі 1 сағатқа артады. 

² Негізгі орта (5-8-сыныптар), жалпы орта (10-сынып) білім беру деңгейлерінде академиялық жылды аяқтаған соң қазақ тілінен емтихан тапсыру енгізіледі. 

² Экологиялық білім беру сапасын арттыру: экологиялық проблемаларды шешуде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытуға арналған зертханалық, зерттеу, жобалық жұмыстарды ұйымдастыру. 

² Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты күшейту. 

² Білім беру ұйымдарында тұтас тәрбие бағдарламасын енгізу. 

² Домбыра тарту бойынша факультативтік курстар өткізу, мектептердегі шахмат секцияларының желісін кеңейту. 

² Мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру. 

² Мектептердің ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылын нығайту, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығын құру. 

² Педагогтерге арналған «Цифрлық кітапхана» жобасын жүзеге асыру. 

² «Үздіктен үйрен» жобасын іске асыру: «Үздік педагог» байқауы жеңімпаздарының озық педагогикалық тәжірибесін дәріптеу 

² «Білім беруді өзгертудегі 1000 көшбасшы» республикалық кадрлық резервтің деректер қорын жасау. 

Әдістемелік нұсқау хатта педагогикалық тәсілдер мен STEM/ЅТЕАМ тәсілдерін қолдану, функционалдық сауаттылық, үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұны білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттерді қалыптастыруға бағытталғанын атап   өтті. 

Қаулы:  2. Әдістемелік нұсқау хатты басшылыққа алу барлық педагогтерге міндеттелінсін. 

           Үшінші мәселе бойынша Ж.Абирова  педагогтердің  басшылыққа алатын нормативтік –құқықтық құжаттармен таныстырды. 

«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022ж. №399 бұйрығы 21.11.2022 ж. № 467, 05.07.2023 ж. № 199 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен , «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 27.01.2016 ж. №83 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022ж. №533 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен, «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 4.05.2020 ж. № 175 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 ж. № 384 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен), «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 7.12.2011 жылғы № 514 бұйрығы, жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.08.2022 ж. № 371 бұйрығы),  «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 12.01.2022 ж. №4 бұйрығы) , т.б.  құжаттардың әдістемелік нұсқау хатта арнайы сілтемемен ұсынылғанын ескертті.   

Педагогтер күнтізбелік-тақырыптық жоспар,  қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасауда «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 6.04.2020 ж. № 130 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 17.03.2023 ж. №68 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)  бұйрығын басшылыққа  алатынын нақты айтып өтті. 


Қаулы:  3. Әдістемелік нұсқау хатта ұсынылған нормативтік –құқықтық актілерді басшылыққа алу барлық педагогтердің міндеті болып табылсын. 

 Әдістемелік кеңес төрағасы                    Ж.Абирова 

Хатшы                                                         І. Беренбаева 




Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив