1- тоқсандағы әдістемелік қызмет есебі » "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-59
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
ноябрь
2023

1- тоқсандағы әдістемелік қызмет есебі

Ұйғыр ауданының білім бөлімінің "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы  интернатымен " коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  әдістемелік қызметтің   2023-2024 оқу жылының                         1- тоқсан және қараша айында  атқарған  жұмыстары 


Әдістемелік қызметтің  тақырыбы: 

Кәсіби біліктілігі дамыған, жаңа әдіс-  тәсілді меңгерген, өзіндік бағыты ой-пікірі, ұстанымы бар, мақсат қоя білетін  және оған жету жолдарын таба алатын, тұлға ретінде қалыптасқан мұғалімнің    кәсіби шеберлігін дамыту.


Мақсаты:

Жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған, функционалдық сауаттылық дағдылары бар және     цифрлық технологияларды қолдана отырып  өзекті ақпарат негізінде шешім қабылдай алатын  тұлға қалыптастыруда  мұғалімдерге әдістемелік  көмек көрсету  

Міндеттері:

  1. Білім алушыларды қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету;
  2. Цифрлық білім беру ресурстарының   пәндерде тиімді қолданылуын ұйымдастыру; 
  3. Ерекше қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере келе білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру; 
  4. Пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылықты (оқу және жазу сауаттылығы, математикалық, ғылыми жаратылыстану сауаттылығы) қалыптастыру жұмыстарын жүргізу; 
  5. Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтай отырып, үлгерімі төмен  білім алушылармен  жүргізілетін жұмыстарды жетілдіру; 
  6.  Дарынды   оқушылармен   оқыту жұмысының форматын  жетілдіру; 
  7. Іс-әрекетті зерттеу  бойынша мұғалімдердің өздігінен даму, тәжірибе алмасу жұмыстарын ұйымдастыру;  
  8. Мұғалімдердің кәсіби дамуына қоғамдастық және тәлімгерлік үдерісін жүзеге асыруға ерекше назар аудару;
  9. STEM/ЅТЕАМ технологияларды қолдану,  құндылыққа бағдарланған оқытуды іске асыру,  тұлғаға, іс-әрекетке бағдарланған және инновациялық тәсілдерді іске асыру жолдарын қарсатыру. 


2023-2024  оқу жылында жалпы  100  педагог қызметкердің сапалық құрамы  жасалды,    оның ішінде  3 мұғалім   декреттік   демалыста  отырды.    Оқу жылы    барлығы 97   мұғаліммен     басталды.   Оның ішінде  97   мұғалім     жоғары білімді,  3 мұғалім  арнаулы орта білімді  мамандар, жоғары санат -0,   І санатты – 1 ,   ІІ санатты –   1 мұғалім, педагог-зерттеуші -12,   педагог- сарапшы 32 мұғалім,   педагог- модератор  - 32 мұғалім, санатсыз  мұғалімдер   саны – 22 мұғалім жұмыс істейді. 77 пайыз   жаңа форматта біліктілік санаты.

Мектеп директорының курсынан өткен – 2. 

Мектеп басшыларының курсынан өткен –2. 

Мектеп үйлестірушілеріне арналған курстан өткен мұғалімдер тізімі –1.

І (озық) деңгей – 2 мұғалім

ІІ (негізгі) деңгей – 1 мұғалім

ІІІ (базалық) деңгей – 15   мұғалім

Мектеп тренерлері -3  мұғалім

Көшбасшы   мұғалім – 1

Жас мамандар-5 

Жаңартылған білім мазмұны шеңберінде  курстан өткен мұғалімдер -89.

Химия пәнін ағылшын тілінде оқыту бойынша В2  деңгейлік курсын оқыған мұғалімдер - 1 .

Информатика пәнін ағылшын тілінде оқыту бойынша В2  деңгейлік курсын оқыған мұғалімдер   - 1.

Биология пәнін ағылшын тілінде оқыту бойынша В2деңгейлік курсын оқыған мұғалімдер   - 1.

 Пәндер бойынша «Бағалау тапсырмаларын   әзірлеу және сараптау»  курсына -13 мұғалім қамтылды. 

«Оқушылардың математикалық және оқу сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту »  курсы  бойынша курстан өткен мұғалімдер- 4.

«Пәндік құзіреттілікті арттыру »  курсы   бойынша курстан өткен мұғалімдер- 78 .

Қысқа мерзімді «Даму» орталығы курсына қамтылған ұстаздар  саны -  23. 

Инклюзивті білім берудің мазмұны  бойынша курсқа қамтылған мұғаімдер – 7. 

Іс – әрекетті зерттеу бағдарламасы  бойынша 8 сағаттық  курсқа -37 мұғалім,  16 сағаттық   курсқа -32 мұғалім қамтылды. 

Төмендегі нормативтік – құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып жұмыс жасалды. 

ü  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен); 

ü  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 27.01.2016 ж. №83 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022ж. №533 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен; 

ü  «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 8.11.2012 ж. № 500 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. № 365; 30.09.2022 ж. №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен; 

ü  «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 21.02.2012 ж. № 57 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 22.12.2022 ж. № 513 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен); 

ü  «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» 

ü  ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022ж. №399 бұйрығы 21.11.2022 ж. № 467, 05.07.2023 ж. № 199 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен; 

  • «Мамандандырылған білім беру ұйымдарының желісін және дарынды балалармен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік кеңес туралы ережені бекіту туралы (ҚР БҒМ 1.07.2015 ж. № 428 бұйрығы, 02.02.2022 ж. №34 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен) 

ü  «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 6.04.2020 ж. № 130 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 17.03.2023 ж. №68 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) ;

ü  «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 4.05.2020 ж. № 175 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 ж. № 384 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен); 

ü  «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 16.01.2015 ж. №12 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 09.08.2022 ж. №355 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) ;

ü  «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары» (ҚР БҒМ 28.01.2016 ж. №95 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 3.10.2022 ж. №415 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен);

ü  «Жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 20.07.2022 жылғы №333 бұйрығы); 

ü  «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 7.12.2011 жылғы № 514 бұйрығы, жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.08.2022 ж. № 371 бұйрығы); 

ü  «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 12.01.2022 ж. №4 бұйрығы);

           Оқу жылы   29 тамыз күні    №1 әдістемелік   кеңесімен басталды. Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды.   

1.Іс-әрекеттегі тәжірибені зерттеу-  мұғалімнің зерттеу қабілетін арттырудың тиімді құралы 

2. Әдістемелік нұсқау  хат ерекшеліктеріне тоқталу 

3.  Жаңа оқу жылының нормативтік құжаттарымен таныстыру.Бірінші мәселе бойынша Н.Матаева  теориямен таныстырды,  зерттеу сұрағымен қалай жұмыс жасау қажеттігін түсіндіре  отырып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті Ж.Абирова әдістемелік нұсқау  хат ерекшеліктерімен таныстырып өтті. 

 Жаңа оқу жылының нормативтік құжаттарымен таныстырылды.   Жаңа оқу жылында атқарылар  жаңа міндеттер мен мақсаттар  айқындалып,   ұсыныстар   айтылды.  Пән бірлестіктерінің  жылдық   жұмыс жоспарлары бекітілді. 

04.09 – 11.09  аралығында      мұғалімдердің сапалық құрамы бойынша     аудандық білім бөліміне сапалық құрам жасалынып  ұсынылды. НОБД  базасы    (141  қызметкер  тізімі) толтырылды. 

Педагог қызметкерлердің  күнтізбелік- тақырыптық жоспарлары тексеріліп,  бекітілді.

2023 жылдың қараша айында  № 2 әдістемелік кеңесте қаралған мәселелер: 

1.   Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру 

2.   PISA, PIRLS, TIMSS, ISILS   тапсырмаларын құру жолдары  

3. Мұғалімдердің  өз білімін көтеру, кәсіби даму жұмыстары туралы     тақырыптарда қараша айында өткізілді. Бірінші күн тәртібіндегі мәселе бойынша І.Беренбаева, А.Толендиева, Л.Абдиманапова   халықаралық зерттеу тапсырмаларымен бөлісіп, жұмыс жасатты.   

Тарих пәні Н.Матаева білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың алдын алу бойынша  іс- тәжірибесімен бөлісті. 

Пән бірлестіктерінің  айлықтары : «9 ай – 9 іс-шара» жобасы бойынша  пән бірлестіктеріне апталық емес, айлық   жоспарланды. Қыркүйек айында «Сергек» пән бірлестігі айлығы жоспарланғанымен өткізілмеді. Қазан айында «Шебер», «Шежіре» пән бірлестіктерінің айлықтары өткізілді.   Қараша айында    «Жігер» пән бірлестігінің айлығы  «Ұлттық мүдеге бағытталған білім беру арқылы құндылықтарды арттыру»

тақырыбында өткізілді. 

 

 

  


 


Жас маман және жаңадан келген мамандармен жұмыс

Жалпы жас мамандар  саны- 5 мұғалім.   Оқу жылының басында жас мамандарға тәлімгер ұстаздар бекітіліп,   Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығын  басшылыққа   ала отырып, жұмыс жоспары жасалынды.   Жас мамандар мектебінің жұмысын  Ш.Баратова   жүргізіп отырды.  Жас мамандарға  көмек көрсету   мақсатында     сабақтарына  кесте арқылы   қатыса отырып,  әдістемелік көмек көрсетілді.  Жас мамандар  жұма  күндері жүргізілген коучингтарға  үзбей қатысып отырды. 

Жас мамандар: А.Усенова, Д.Серік, А.Мустапа,   Досымбек А.    Турганбайұлы А. ТОхтиева Н.

Жас мамандар жетекшісі Ш.Баратова  жұмыс жоспарын басшылыққа ала отырып,     

Жас мамандардан сауалнама алу;   өзіндік даму тақырыбын анықтату;

ҰМЖ және ҚМЖ құрастыры;   Kundelік,   порталдарымен жұмыс жүргізу жолдарын үйрету; оқу тапсырмаларын дайындау тиімділігін үйрету бойынша әдістемелік көмек беру тәлімгерлеріне жүктелді.

        Тәлімгерлер мен жас маман бірлесе отырып   бір  жылдық  жоспар жасалды. 

Тәлімгерлер  ретінде сабақтарына  тәлім алушыларын қатыстырып, кері байланыс алынды.

       Әдістемелік нұсқау хатты басшылыққа ала отырып, білім алушылардың  біліміндегі олқылықтармен жұмыс  жүргізуді үйретті.

       Жас мамандар «Lesson study»   топтарына қосылды . Жүргізілген жұмыстарға  жас маманмен тәлімгер  рефлексивті есеп жазды.30 қазан күні жас мамандар отырысы өткізілді. 

  


Педагог қызметкерлерді аттестаттауды  ұйымдастыру жұмыстары

      «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 202 бұйрығы,   «Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығын негізге ала отырып  аттестациядан   өтетін мұғалімдердің перспективалық жоспары жасалынды.  Қараша - желтоқсан аралығында өткізілетін  аттесататтау кезеңі өткізілмеді.  

Біліктілікті көтеру жұмыстары уақытында  ескертіліп отырады.  Аттестацияға құжат жинауда педагог жетістіктері  ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №514 бұйрығына сәйкес және №561 бұйрыққа негізделіп жинақталып отырды. 

Мектепішілік жобалардың жүргізілуі

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру,  рухани құндылықтарды дарыту,  бала бойында   білім, білік, дағды қалыптастыру,   алған білімін өмірде қолдана білуге дағдыландыру мақсатында жеті бірлестікте де  жоба   жүреді 

«Бірлік» пән бірлестігінің  «Лучшие знатоки языка» жобасы«4 тоқсан 4  өнер»   жобасы аясында «Жігер»  пән бірлестігінде жүргізілетін   «Жыл керуені», «Жігер» пән бірлестігінің «Алтын қалам» жобасы«Мен таңдайтын мамандық» жобасы,  Полиглот» пән бірлестігінде    жүргізілетін  "Полиглот клубы " жобасы,   «Шежіре» пән бірлестігінде    жүргізілетін "Ұлы Дала мұрагерлері" жобасының жылдық жоспары, «Парасат» пән бірлестігінде жүргізілетін  «Тоғыз ай – 9 іс-шара» жобалары шеңберінде атаулы күндерге арналған «Асыл қазына» жобасының жылдық жоспары  жасалынып, өз 

мезгілінде жүргізіліп отырды.     

  


  

Мектепішілік бақылау

         Мектепішілік  бақылау жоспарына    сәйкес,   төмендегідей жұмыстар атқарылды. 

          Пән мұғалімдерінің күнтізбелік жоспарларын, таңдау курстары мен үйірмелердің бағдарламаларымен  жұмыс жүргізуі,  мұғалімдердің оқу бағдарламаларын, оқу жоспарын  дұрыс қолдануы,  сабақ жоспарлары,  оқу мақсаттарының дұрыс  қойылуы   қадағаланып отырды.   

         Әдістемелік пән бірлестіктерінің  жылдық жоспарлары тексеріліп бекітілді.  Қазан айында  мектепп әкімшілігі    пән бойынша    сыныптардың   сабақтарына қатысып, қашықтан оқыту жағдайында білім  алушылардың    сапалы білім алуын,    мұғалімдердің сандық білім ресурстарын   тиімді қолануын,  кері байланыстың  өз деңгейінде   жасалуын,  бжб, тжб тапсырмаларының   белігілі  спецификациясына  сәйкес жүргізілуін   бақылап отырды. 

Қырүйек, тамыз айында: 

  1. «Жақсылық жаса» ұранымен республикалық   қайырымдылық  акциясын ұйымдастыру
  2. Жалпыға міндетті білім беру  қорының құжаттары  туралы
  3. Педагог қызметкерлердің  және 1,5,10 - сынып оқушыларының жеке іс – құжаттарының жайы
  4. Оқушыларды ББЖМ жұмысының жоспарын бекіту.
  5. Сынып оқушыларының оқулықпен қамтамасыз етілуі
  6.  2-11-ші   сыныптардағы бастапқы «0-дік» бақылау срезі 
  7. 5- сыныптар дың орта буынға бейімделуі
  8. 1-сыныптардың мектепке бейімделу
  9. «Күнделік кз» жүйесі арқылы журналдардың жүргізілуін бақылау

Элективті және жаһандық  құзіреттілік курстардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын бекіту

Қазан айында: 

  1. ҰБТ-дің өзгерістері мен дайындық жұмыстары 
  2. 10-сыныптардың жоғарғы буынға бейімделуі 
  3. «Күнделік кз» жүйесі арқылы журналдардың жүргізілуін бақылау
  4. 1-4 сыныптарда ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың сапалы біліммен қамтылуы
  5. «Оқуға құштар мектеп» жобасының жүргізілуі 
  6. Қысқамерзімді жоспарларды тексеру 
  7. Бастауыш сыныптардың дәптерлерінің жүргізілуі

   ТЖБ  жұмыстарының жүргізілуін қадағалау

Қараша айында: 

  1. Құқызбұзушылықтың алдын алу жұмыстарының орындалуы
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету (тегін тамақтандыру ды ұйымдастыру)   
  3. «Күнделік кз» жүйесі арқылы сынып журналдардың жүргізілуін бақылау
  4. Логопед, дефектолог  жұмысының жүргізілуі туралы
  5. 1-  сыныптарындағы әліппе  пәнінің оқытылуы
  6. 7 в -  сыныбындағы   қазақ тілі, математика,  Қазақстан тарихы,    пәндерінің оқытылуы
  7. Пән мұғалімдері нің дарынды оқушылар мен жүргізген жұмыстары   (пән олимпиада сы, ғылыми жоба) туралыжұмыстар бақылауға алынып, директор  жанындағы   кеңесте қаралып отырды. 

Мұғалімдердің біліктілік курсынан өтуі 

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы»  Заңының 51- бабының  5- тармағында «Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін, парасаттылығын,  шығармашылық және жалпы ғылыми  деңгейін   үнемі жетілдіріп отыруға міндетті»,-  делінген. 

        Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен,  күрделілігімен, жан-жақтылығымен  ерекшеленеді,  бұл оның терең және кәсіптік білімінің , білік-  дағдыларының болуын қажет етеді.   Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс   мұғалімнің  кәсіптік дамуы мүмкін емес.          

 Мұғалімдердің пәндік құзіреттілігін арттыру мақсатында  

  пәндік құзіреттілікті арттыру курсынан  биылғы оқу жылынан 79 мұғалім  өтті.

Білім сапасы бойынша

Әдістемелік пән бірлестіктерінің   білім сапасы  1- жартыжылдық қорытындысы бойынша әр тоқсан сайын  01  қараша күні    талқыланып  қаралды.  Әдістемелік пән бірлестіктерінң  1- тоқсандағы білім сапасы,  атқарған жұмыстары,   жеткен жетістіктері мен   жіберген кемшіліктері SWOT  кестесі арқылы талданды. 

Оқу жылының басынан  бастап «Google»  дискіде    мектептің   «Виртуалды кабинеті»  ашылып,     сол жерде   барлық  пән бірлестіктерінің  құжаттары,   нормативтік құжаттар, өткізілген іс-шаралар,  жоспарлар,    видеосабақтар салынып отырды.  

Әдістемелік пән бірлестіктерінің    жұмыс жоспарларына сәйкес   атқарылған жұмыстарына да талдау жасалды.  Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс, жобалар, айлы қорытындылары,  олимпиада, ғылыми жобалар, конкурстарға қатысу барлығына свот талдаулары жасалды. 



 


Мұғалімдердің марапатталуы  

Мұғалімдер мерекесіне орай 8 қазан күні Б.Абдилова «Оқу ісінің үздігі»  марапатымен,  А.Акылбекова    аудан әкімінің,   З.Сарсембекова , Г.Тышканбаева «Аманат» париясының Алғыс  хаты,  А.Алгожаева облыстық білім басқармасының Алғыс хаты, Н.Матаева облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен, Акбарова А. Аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен, Ж.Абирова облыстық әдістемелік орталықтың Алғыс хатымен   марапатталды. 

Мұғалімдердің  өз білімін көтеру  жұмыстары 

  

Шығармашылық топ  жұмысы

        Тамыз айының педагогикалық кеңесінде А.Толендиеваның жетекшілігімен «Зерде» шығармашылық тобының құрамы бектіліп, жұмыс жоспары жасалынды. Топ құрамында жоғары категориялы, деңгейлік курстардан өткен, тәжірибелі ұстаздар зерттеу сабақтарына жетекшілік ете отырып, жұмыс жасады. Шығармашылық топ мүшелері жоспарланған  коучинг, шебер сыныптар өткізіп,  кәсіби байқауларға жетекшілік етті.  Пән бірлестіктерінің  апталықтағы үздік сабақтарына қатысып, сындарлы кері байланыс беріп отырды.  Шығармашылық топ мүшелеріне   мұғалімдерге қолдау, көмек беру мақсатында педагогтер бекітілді. ТОп мүшелері үздік сабақтар, зерттеу сабақтарын ұсынды, өзара сабаққа қатысу жүрді.  Қараша айы сабақтағы бағалауды бақылауға арналып, сабаққа қатысуда бағалау басты назарда болды. 

Надырбекова Ж. «Блум таксономиясына негізделген  оқу мақсатынан сабақ мақсатын шығару» тақырыбында коучинг өтіп, мұғалімдер білімдерін жетілдірді.

А.Булатова, Ж.Джаксылыкова , М.Казиева «Ақпаратық технология – мұғалім тәжірибесінде» тақырыбында шебер сынып өткізді.  

 Кәсіби байқаулар 

Мұғалімнің  кәсіби байқауларға қатысуы  өзін-өзі дамытудың  бірден бір жолы.  

2023 жылдың 26  қазан күні мектепішілік «Педагогикалық дебют» жас мамандар байқауы   өткізіліп,  байқауға     бір пән мұғалімі барлығы 5 мұғалім қатысты.   Мектепішілік «Дарынды балаға – талантты ұстаз» байқауында А.Турганбайұлы  бірінші орын алып, аудандық кезеңде ІІ орын иеленді.

2 қараша күні Педагогикалық идеялар фестивалі байқауы өткізілді.   Нәтижесінде Сәді Майгүл 1- орын алып, ауданға ұсынылды.     

Табысты  іс – тәжірибелерді тарату

Табысты тәжірибе тарата отырып,  тәжірибесін дамыту әр мұғалімнің міндеті болып саналады. 

2023 жылдың 20 қазан күні облыстық ашық есік күнінде мектептің  іс-тәжірибесі таратылды.  Ашық есік күніне  бөлім басшылары , әдіскерлер, мұғалімдер, орынбасарлар қатысты. Бағдарлама бойынша   алты сабақ, барлық пән  бірлестіктерінің жобалары,  дебат, коучинг, дарынды баламен жүргізілетін жұмыстар, ата-анамен жұмыс, олқылықтың алдын алу жұмыстары,  роботтар турнирі, әдістемелік қызметтің атқарған жұмыстары, әдістемелік бірлестік жұмыстары   ұсынылды.   

  

  

  

  

  

  

Ш.Баратова,  Ә.Нурелова    ауданда өткен облыстық  семинарда іс-тәжірибемен бөлісті. 

Ж.Надырбекова  аудандық тарих пәні мұғалімдері арасында өткен семинарда тарих пәніндегі концептілермен жұмыс жасаудың ерекшеліктері туралы тәжірибе алмасты.

  

Зерттеу жұмыстары 

Қазан айынан бастап, сыныптардағы білім сапасы мен білім алушылардың білім, білік дағдысын жақсарту мақсатында  зерттеу   топтары құрылып, зерттеу сабақтары басталды. Зерттеу топтарына шығармашылық топ мүшелері мен мектеп әкімшілігі  жетекшілік етті. 12 сыныпта зерттеу сабақтары басталды.  20 мұғалім жеке зерттеу сұрағын алды. Зерттеу абақтары нәтижелі жұмыс жасады, бірақ жеке зерттеу сұрағымен санаулы ғана мұғалім жұмыс жүргізді

Іс-әрекеттегі зерттеу бойынша тарих, математика,  ағылшын пәні бірлестіктері ортақ зерттеу сұрағын алса, қалған 11 мұғалім жеке зерттеу сұрақтарын алып жұмыс бастады. 

27 қараша  мектеп директоры Абдилова Б. Зерттеу топтарының  жетекшілерімен отырыс өткізіп, қай сыныпта қандай проблемалар шешімін табуда нәтиже беріп жатыр немесе  қанша цикл өткізілді деген сұрақтар  айналасында кәсіби сұхбат  жүргізді. 

Дарынды балалармен жұмыс 

Биылғы 2023 – 2024   оқу жылында дарынды оқушылармен    жұмыс жетекшісі болып математика пәнінің мұғалімі О.Тұрбекова бекітілді. Жыл басында дарынды оқушылармен жұмыс жоспары жасалып, дарынды оқушылар тізімі жасалып бекітілді. 

-Жазғы демалыс барысында 11 ә сынып Асқарбек Бағыдар Республикалық «Мағжан, Абай» оқуларында жүлделі ІІ орынды иеленді

-Аудандық Республикалық оқуға мектептен 9 оқушы қатысты. Дәулетқызы Аяжан – І орынМақсатқызы Жансая –ІІІ орын иеленді 

-27.09.2023 ж «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңіне 6 оқушы қатысып, «Ақындар айтысы» номинациясында Әділбек Қадилла ІІІ орынды, «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Дәулетқызы Аяжан ІІ орынды иеленді

-02.10.2023 ж Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңіне мектебімізден 9 оқушы қатысты.

-04.10.2023 ж Облыстық «ХХІ ғасырдағы Ұлттық құндылықтар моделі» слетінің аудандық кезеңіне мектебімізден «Ұлытау» тобы қатысып, І орынды иеленді

-05.10.2023 ж Облыстық «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты иновациялық идеялар байқауында 9 а сынып оқушысы Нұрлан Олжас «Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша І орынды иеленіп, Республикалық кезеңге жолдама алды.

-10.10.2023 ж «Менің шағын Отаным» атты Республикалық конкурстың аудандық кезеңіне оқушы қатысты. Нәтижесінде  9 а сынып оқушысы Нұрлан Олжас ІІІ орынды, 10а сынып оқушысы Өмірқан Перизат І орынды иеленді. 

-07.10 – 11.10.23ж күндері аралығында «Кенгуру – барлығы үшін» олимпиадасына мектептен 65 оқушы тіркеліп,48 оқушы 1,2,3-дәрежелі дипломдар алды.

-11.10.2023ж «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» атты Ұлттық байқауына 11а сынып оқушысы Медерова Аружан қатысып, облысқа жолдама алды.

-11.10.2023ж Республикалық оқулар байқауының облыстық кезеңінде Дәулетқызы Аяжан ІІІ орынды иеленді. 

-13.10.2023 ж жалпы білім беру мекемелерінің 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиаданың аудандық кезеңіне мектебімізден 20 оқушы қатысып, 7 а сынып оқушысы Мейржанқызы Медина 3-орын, 7ә сынып оқушысы Тұрдақын Алихан І орынды иеленді

-15.10.2023ж Республикалық жас өнерпаздар арасындағы өнер фестиваліне 2 а сынып оқушысы Маратұлы Бексұлтан қатысып, «Көркем сөз» жанры бойында Бас жүлдегер атанды. 

-16.10.2023 ж «Менің шағын Отаным» атты Республикалық конкурстың облыстық кезеңінде Өмірқан Перизат жүлделі ІІІ орын иеленді.

-18.10.2023 ж облыстық «Ашық есік» күнінде «Көшбасшы» дарынды оқушылар орталығының жұмысы көрсетілді.

-19.10.2023 ж Жалпы білім беретін пәндер бойынша 2-7 сынып аралығындағы «Зерде» ғылыми конкурсының аудандық кезеңіне 20 жұмыс қатыстырылып, нәтижесінде:

Оқушының аты жөні

Сыныбы 

Пәні 

Алған орны

Жетекшісі 


Совет Қуаныш

Қожакан Жангир

7

Ағылшын 

ІІ

Аманов М.М


Орынтай Інжу

7

Математика 

ІІІ

Таирова М.


Еркін Каусар

3

Жаратылыстану 

ІІ

Егизекова Э


Сламбек Нурайым

7

Биология 

ІІІ

Ильясова А.А


Маратұлы Бексұлтан

2

Этномәдениет

І

Байсеркеева Н.С


Иса Айсұлтан

4

Технология 

ІІ

Булатова А.Б


Асылбекқызы Адина

Ермухан Адия

4

Информатика 

ІІ

Мустапаева А.


Қалебай Қайрат

6

Тарих 

ІІІ

Талипбаева Ш


20.10.2023жылы мектепішілік ғылыми жобалар байқауы өткізілді.

23.10.2023 ж Республикалық зерттеу жобалар конкурсының аудандық кезеңінеи 18 жұмыс қатысты. Нәтижесі:

Оқушының аты жөні

Сыныбы 

Пәні 

Алған орны

Жетекшісі 


Дәулетқызы Аяжан


Математика 

І

Сәді М.Ж


Қуаныш Дания


Математика 

І

Сәді М.Ж


Сабырхан Кәусар


География 

І

Алғожаева А.Б


Мухамеджан Камилла


Ағылшын 

І

Баратова Ш


Баймукан Назым

Нурақын Назым


Химия 

ІІ

Абдиманапова Л.Қ


Усен Аружан


Тарих 

ІІ

Надырбекова Ж.


Қасен Қарақат


Этномәдениеттану 

ІІ

Мекебаева Э


Амантай Елдар


Информатика 

ІІ

Төлендиева А.Қ


Муратбек Аяна


Биология 

ІІІ

Алғожаева А

26 қазанда 5,6- сынып оқушыларына арналған Математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. 5-сыныптардан 9 оқушы, ал 6-сыныптардан 11 оқушы қатысты

28 қазан күні Мектепішілік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға 60 оқушы қатысты 

Мектепішілік  жалпы пәндер олимпиадасына қатысқан оқушылар мониторингісі

 


3 қараша күні «IQanat» олимпиадасының ІІ кезеңі өткізілді. Мектебімізден 22 оқушы қатысты.

7 қараша күні жалпы білім беру мекемелерінің 8-11  оқушылары арасында «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңіне метебімізден үш оқушы қатысты. Нәтижесінде: “Тартынбай сөйлер асылмын...” бағыты бойынша 9 сынып оқушысы Асқарбекұлы Аршын ІІІ орынды, “Біз неткен ер, неткен ер?” бағыты бойынша 11 сынып оқушысы Амангелді Назым ІІІ орынды, “Ұлы арман” бағыты бойынша 9 сынып оқушысы Нұрақын Назым І орынды  иеленді.

Облыстық «Зерде» ғылыми жобалар байқауында Маратұлы Бексұлтан ІІ орын алды.

17 қараша күні облыстық ғылыми жобалар байқауын 4 оқушы қатысып, Қуаныш Дания ІІ орынды иеленді

2023жылдың  20-30 қараша күндері аралығында «АУЫЛ ОЛИМПИАДАСЫ» өткізіліп жатыр. Олимпиадаға жалпы 41 оқушы тіркелген.




Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив