"Шаттығы мол шаңырақ" » "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-59
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
сентябрь
2021

"Шаттығы мол шаңырақ"

Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.  Біздің мемлекетімізде де отбасына айрықшы көңіл бөлініп, арнайы күн белгіленіп, 2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгілеген болатын. Отбасы күні еліміздің түкпір-түкпірінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан үлгілі отбасыларға сый-құрмет көрсетіледі. Мектебімізде де жыл сайын мереке қарсаңында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Биылғы мерекеге орай 5 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Шаттығы мол шаңырақ» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараны 5 сынып жетекшілері  қашықтан ZOOM платформасы арқылы өткізді. Іс-шараның мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігін арттыра отырып, ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікті қалыптастыру. Жұмыс барысында ата-аналарға қызықты сұрақтар қоя отырып,  ата-аналармен пікір алысып, түрлі кеңестер берілді.

Похожие публикации:

13 сентябрь 2021 Тіл мерекесі
15 апрель 2021 Денсаулық күні
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив