"Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы" » "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-59
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
март
2022

"Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы"






Қыз − өмірдің гүлі, барлық адамзаттың қадірлеп, аялайтын асыл аруы десек те артық емес. Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялаған. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген. Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева "Өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек" деген пікір айтқан. Сол тәрізді ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын, өзінің ерекше болмысымен көзге түсетіні анық. Ұлттық құндылықтарды қастерлеп, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауда  қыздарға дұрыс бағыт-бағдар сілтеу, жастар арасында ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау,  жас буынды патриот етіп тәрбиелеу мақсатында мектебімізде қыздар арасында «Қыз бала ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты топтық байқау өткізілді. Байқауды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Асильбаева мен мектептегі "Инабат" қыздар клубының көшбасшылары ұйымдастырды. Байқауға 
8 сынып қыздары қатысты.  Байқау қыздардың білімін, икемділік дағдыларын, ой ұшқырлығын сарапқа салатын бес кезеңнен тұрды. Байқау қорытындысы бойынша 8 Ә сыныбының қыздарынан құралған "Ару қыздар" тобы жеңімпаз атанды. Сондай-ақ жекелеген ерекшеліктерімен көзге түскен қаздар "Білімді ару", "Икемді ару", "Ізденімпаз ару" номинацияларымен марапатталды. Байқау соңында сөз алған мектеп директоры Абдилова Бибігүл Байжұмақызы қыз бала әлемдегі барша сұлулықтың символы екендігін, қыз тәрбиесі қашанда бірінші орында тұратындығын тілге тиек етті.

Похожие публикации:

15 апрель 2021 Денсаулық күні
15 апрель 2021 Алғыс айту күні
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив