Бастауышпен қоштасу » "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-59
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
май
2022

Бастауышпен қоштасу

«Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» - деп Я.А.Коменский айтқандай мектептің жүрегі болып қызмет ететін бала бағбаны ұстаздар қауымы. Осы ұлағатты ұстаздардың білімімен сусындап, тәлімді тәрбиесін алатын өрендердің болашағынан күтетін үміт зор. Осы зор үміттің іргетасын қалайтын кез балабақшадан кейінгі бастауыш сынып кезеңі. Бастауыш сынып әрбір оқушының білімін қалап, қолына қалам ұстатып, алғаш әріп танытып, әліппені қолына ұстататын, сауатын ашатын кезең. Сондықтан да білім негізі – бастауыш деп бекер айтылмаса керек-ті. Мектебімізде сондай білім негізін қалаушы бастауыш сынып мұғалімдерінің қашанда шоқтығы биік. 2021-2022 оқу жылында Ж. Р. Қодарова, Г.Н.Сқабылова, Ә.Н.Нурелова  сынды білімді де білікті ұстаздарымыз өздерінің кезекті түлектерін ұшырып, бастауыштан орта буынға шығарып, 23 мамыр күні "Бастауышым - бастамам, білім жолын бастаған" атты  бастауышпен қоштасу кешін өткізді. Кеш бойына оқушылар әндерін айтып, өлең-жыр оқып, би билеп, ұстаздарына алғыстарын жеткізсе, кешке қатысқан ата-аналар да ұстаздарға өз ризашылықтарын білдірді. Кеш соңын қорытындылаған мектеп директоры Абдилова Бибігүл Байжұмақызы ұстаздарға алғыс айтып,  оқушыларға сәттілік тілеп, 5 сыныпта жетекшілік жасайтын сынып жетекшілерін таныстырды.








Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив