Оқу-тәрбиелік жұмыс » Страница 8 » "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-59
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ғасыр обасы – ЖҚТБ (СПИД), АҚТҚ (ВИЧ) және есірткі"
12
апрель
2022
"Ғасыр обасы – ЖҚТБ (СПИД), АҚТҚ (ВИЧ) және есірткі"
12 сәуір 2022 жылы мектебімізге эпидемолог-дәрігер Султанова Айгерім Бегенқызы келіп 9-11 сынып оқушыларымен "Ғасыр обасы – ЖҚТБ (СПИД), АҚТҚ (ВИЧ) және есірткі" тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында ғасыр дертіне айналған ЖҚТБ (СПИД) және АҚТҚ (ВИЧ) аурулары туралы  дәрігерлік мәліметтер арқылы жан-жақты терең түсінік беріліп,  ЖҚТБ ауруы есірткі тұтқыны мен салауатты өмір сүру нормаларының бұзылу нәтижесінің жеңісі екендігі келеңсіз қылықтардан нақты мысал келтіре отырып түсіндірілді.
"Қазақстан брендтері"
12
апрель
2022
"Қазақстан брендтері"
12 сәуір 2022 жылы 1 А сынып жетекшісі Э. Егизекованың ұйымдастыруымен "Қазақстан брендтері" тақырыбында үлгілі тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатында оқушылар "Қазақстан брендтері" мультфильмінің желісі бойынша жұмыс жасады. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарымыз туралы айтып, оларды қалай брендке айналдыру туралы өз ойларын айтты. Топтық жұмыс барысында өз еліне деген сүйіспеншіліктерін бейнелеп көрсетті.
Мәңгілік елдің құндылықтары
11
апрель
2022
Мәңгілік елдің құндылықтары
«Отанды сүю – ұлттық рухтың асқақ белгісі» атты патриоттық айлық аясында 1 В сынып жетекшісі Л. Айтжанованың ұйымдастыруымен  "Мәңгілік елдің құндылықтары" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатында ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, оқушыларға "Қажымұқан" мультфильмінен үзінділер көрсетті. Оқушылар мультфильм желісі бойынша өз ойларын айтып, талқылады. Батырлық, Отан туралы  мақал-мәтелдерді жасырын сандар арасынан тауып, топтық жұмысқа да оқушылар белсене қатысты.  Жалпы алғанда
"Болашағың бұлыңғыр болмасын десең..."
07
апрель
2022
"Болашағың бұлыңғыр болмасын десең..."
Ерте жүктіліктің алдын алу, келешекте қыз бала, яғни, болашақ ана  алдында қоғамның, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді жан жақты жетілген қыз бала болуға тәрбиелеу. Ерте жастағы жүктілік, оның алдын алу жолдары және салдары  туралы  айтып, түсіндіру мақсатында    7 сәуір 2022 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Асильбаеваның ұйымдастыруымен "Болашағың бұлыңғыр болмасын десең..."