Қош келдің, Әз Наурыз! » "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-59
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
март
2022

Қош келдің, Әз Наурыз!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Осы мерекеге орай 19 наурыз 2022 жылы мектебімізде "Қош келдің, Әз Наурыз" атты мерекелік думан той болып өтті. Тойға мектебіміздің ардагер ұстаздары арнайы шақырылды. Мерекелік концертке мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты. Мектеп директоры Абдилова Бибігүл Байжұмақызы құттықтау сөз сөйлеп, зейнеткер ұстаздар мен мектеп ұжымын ұлық мерекемен құттықтады. Сондай-ақ ардагер ұстаздарымыз да өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдіріп, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тіледі. Мерекелік думан соңы наурыз көже мен мерекелік дастарханға ұласты.  

Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив