Оқу-тәрбиелік жұмыс » Страница 7 » "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-59
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кездесу
19
апрель
2022
Кездесу
19 сәуір 2022 жылы  8 сынып оқушылары "AMANAT" партиясы Ұйғыр аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мәулен Мұқажанұлымен кездесіп қайтты. Кездесу барысында  оқушылар ел ағасының өмір жолымен танысып, мәнді де мағыналы еңбек жолы,  қоғам өмірі, партия тынысы туралы көптеген мәліметтер алды. Сондай-ақ М.М.Нуров оқушыларға болашақ мамандықтар туралы айтып, кәсіпкерлікпен айналысудың қыр-сыры, мемлекеттік қызметтің айырмашылықтары туралы тиянақты түрде түсіндіріп, ақыл-кеңес берді. Қандай жетістікке
"Мемлекеттік Рәміздер - елімнің мақтанышы"
19
апрель
2022
"Мемлекеттік Рәміздер - елімнің мақтанышы"
19 сәуір 2022 жылы 5 б сыныбында "Мемлекеттік Рәміздер - елімнің мақтанышы" тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайыс "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар", Шөл қандырар", "Тақым қысар", "Нартәуекел" сынды түрлі қызық та, мағыналы төрт кезеңнен тұрды. Әр кезеңде оқушылар ел Рәміздері, олардың авторлары, мағынасы туралы сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ топтық жұмыс барысында "Патриот" ұғымын ашып, постерге түсіріп, қорғап шықты.  Интеллектуалды сайыс өз дәрежесінде, тартысты түрде өтті.
"Ал, қанекей, қыздар!"
15
апрель
2022
"Ал, қанекей, қыздар!"
15 сәуір 2022 жылы 4 А сынып жетекшісі Н. Байсеркееваның ұйымдастыруымен "Ал, қанекей, қыздар!" атты қыздар арасында сайыс өткізілді. Сайысқа сыныптың барлық қыз оқушылары, яғни, 12 қыз қатысты. Қыздар сайыс барысында өздерін таныстырудан бастап, өз өнерлерін көрсетіп, сұрақтарға жауап беріп, тест  тапсырмаларын шешті. Сондай-ақ өз қолдарымен жасаған бисер бұйымдарын, салған  суреттерін, әр түрлі ас тағамдарды да көрсетіп, жасалу жолдарымен де таныстырды. Ал ою ойып, түйме қадау сайысы  тіпті
"Жас құтқарушылар" жарысы
15
апрель
2022
"Жас құтқарушылар" жарысы
15 сәуір 2022 жылы "Ұйғыр ауданы төтенше жағдайлар бөлімі"мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған "Жас құтқарушылар" жарысына 10-11 сынып ұлдары қатысып қайтты. 
Малды пайдаға жарату
14
апрель
2022
Малды пайдаға жарату
14 сәуір 2022 жылы патриоттық айлық аясында "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша 3 сынып оқушылары ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің шығармаларын оқып, танысқан. 3  В сыныбы автордың "Малды пайдаға жарату" әңгімесін оқып, әңгіме желісі бойынша сахналық, театрландырылған көрініс көрсетті. Оқушылар көрініс барысында еркін сөйлеп, өздерінің актерлік шеберліктерін, образға кіру қасиеттерін ашып көрсетті. Сондай-ақ сабақ барысында  Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығымен де танысып, тапсырмалар
Қазақ батырлары
14
апрель
2022
Қазақ батырлары
4 сәуір 2022 жылы 1 Б сыныбында "Қазақ батырлары" тақырыбында үлгілі тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында оқушылар қазақ халқының батырларымен танысып, түсінік алды. Сынып жетекшісі Э. Нысанбаева.
"Толағай" ертегісі
13
апрель
2022
"Толағай" ертегісі
13 сәуір 2022 жылы 1 Ә сыныбында "Толағай" ертегісінің желісі бойынша үлгілі тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында  оқушылар "Толағай" ертегісін тамашалап, ертегі желісі бойынша көрініс көрсетіп, ертегі үзінділерін жатқа айтты. Сондай-ақ сынып жетекшісі Ш. Шуманова ертегінің түрлері туралы түсінік беріп, тау көтерген Толағайдың елі үшін еткен еңбегінің елеулі екендігін түсіндірді. Оқушылар сабақ соңында "Егер де мен..." әдісі бойынша Толағайдың орнында  болсам не істер едім деп өз ойларын айтты.
"Ғарыш әлемі - бала қиялында"
12
апрель
2022
"Ғарыш әлемі - бала қиялында"
12 сәуір Ғарышкерлер күніне орай 2 Б сыныбында "Ғарыш әлемі - бала қиялында" атты тәрбие сағаты өтті. Сабақ "4 сурет, 1 сөз" әдісі арқылы басталып, ғарыш, ғарышкерлер турасында видео көрсетті. Оқушылар өз түсінгендерін айтып, "Ең ақылды" әдісі арқылы кері байланыс берді. Сондай-ақ оқушылар өз қолдарымен жасаған ғарыш әлемі туралы макеттерін қорғап, таныстырды.  Сабақты сынып жетекшісі  А. Қанапия ұйымдастырды.
"Ғарыш әлемі - бала қиялында"
12
апрель
2022
"Ғарыш әлемі - бала қиялында"
12 сәуір Ғарышкерлер күніне орай 2 В сынып жетекшісі  А. Булатова "Ғарыш әлемі - бала қиялында" атты шығармашылық жұмыс ұйымдастырды. Сынып  оқушылары "Күн", "Ай", "Жұлдыз" тобына бөлініп жұмыс істеді.  Өз беттерінше ізденіп, өз топ атауына байланысты түрлі  мәліметтер айтып, шығармашылықпен жасаған жұмыстарын көрсетті.
"Ғарышкерлер - батырлар"
12
апрель
2022
"Ғарышкерлер - батырлар"
12 сәуір Ғарышкерлер күніне орай 2 А сыныбында "Ғарышкерлер - батырлар" атты үлгілі тәрбие сағаты өтті. Ғарышкерлер туралы әнмен басталған тәрбие сағаты түрлі жұмбақ, әр түрлі ғарыш туралы мәліметтер айтумен жалғасты. Сондай-ақ топтық жұмыста ғарыш әлемі туралы сөзжұмбақ шешкен оқушылар өте белсенді болды.  Сабақ соңында оқушылар өздеріне берілген планеталардың және ғарышкерлердің  суреттерін  ретімен орналастырып,  білімдерін бекітті. Тәрбие сағатын сынып жетекшісі Темірхан Меруерт