Әдістемелік қызметтің 1- жартыжылдықта атқарған жұмысы бойынша есебі 2021 - 2022 оқу жылы » "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-59
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Әдістемелік қызметтің 1- жартыжылдықта атқарған жұмысы бойынша есебі 2021 - 2022 оқу жылы
01
июнь
2022

Әдістемелік қызметтің 1- жартыжылдықта атқарған жұмысы бойынша есебі 2021 - 2022 оқу жылы

Ұйғыр ауданының білім бөлімінің "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы   интернатымен " коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  әдістемелік қызметтің   1- жартыжылдықта    атқарған   жұмысы   бойынша есебі 


2021 - 2022 оқу жылының тақырыбы:

Мектептің әдістемелік тақырыбы:


Мектеп мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуына жетекшілік ету арқылы оқыту мен оқу үдерісін дамыту


  Ғылыми-әдістемелік жұмыс мақсаты:

Білім беру жүйесін жаңарту жағдайында  нәтижеге бағытталған білім мазмұнын  жүзеге  асыра отырып,  мұғалімдердің  кәсіби біліктілігін үздіксіз дамыту және  заманауи инновациялық технологияларды   пайдалану арқылы бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру

       Ғылыми-әдістемелік жұмыс міндеттері


     1. Мұғалімдердің кәсіби   біліктілігін арттыру  және тәлімгерлік үдерісін жүзеге асыруға ерекше назар аудару;

2. Білімді бағалау, бақылау  және оқу үдерістерін  тиімді жоспарлау, талдау  арқылы үйлестіру;

     3. Тәжірибелік- эксперименттік, зерттеу   жұмыстарын  сапалы нәтижеге бағыттау;

     4. Оқу-материалдық, нормативтік-құқықтық   құжаттарды қолдану сауаттылығын жетілдіру; 

  1. Өз бетімен білім алуға; оны іс-тәжірибеде қолдануға  бағытталған жұмыс жасау; 

6.Үлгермеушіліктің алдын алу және білім беру қызметінің сапасын арттыруда  жаңа технологиялар мен әдістерді жетілдіру; 

  1. Мұғалімдерді оқытудың цифрлық түрін қолдану  үлесін арттыру


2021-2022  оқу жылында жалпы  111 педагог қызметкердің сапалық құрамы  жасалды,    оның ішінде  10 мұғалім   декреттік   демалыста  отыр.    Оқу жылы    барлығы 101   мұғаліммен     басталды.   Оның ішінде  95   мұғалім     жоғары білімді 6 мұғалім  арнаулы орта білімді  мамандар, жоғары санатты – 3  , І санатты – 8 ,   ІІ санатты –   13 мұғалім, педагог-зерттеуші -11,   педагог- сарапшы 26 мұғалім,   педагог- модератор  - 22 мұғалім, санатсыз  мұғалімдер   саны – 28мұғалім жұмыс істейді.

Мектеп директорының курсынан өткен – 1 

Мектеп басшыларының курсынан өткен – 1 

Мектеп үйлестірушілеріне арналған курстан өткен мұғалімдер тізімі – І (озық) деңгей – 3 мұғалім

ІІ (негізгі) деңгей – 1 мұғалім

ІІІ (базалық) деңгей – 16   мұғалім

Мектеп тренерлері -5  мұғалім

Көшбасшы   мұғалім – 1

Жас мамандар-10

Жаңартылған білім мазмұны шеңберінде  курстан өткен мұғалімдер -89.

Химия пәнін ағылшын тілінде оқыту бойынша В2   деңгейлік курсын оқыған мұғалімдер    - 1 .

Информатика пәнін ағылшын тілінде оқыту бойынша В2   деңгейлік курсын оқыған мұғалімдер    - 1.

Биология пәнін ағылшын тілінде оқыту бойынша В2   деңгейлік курсын оқыған мұғалімдер    - 1.

 Пәндер бойынша «Бағалау тапсырмаларын   әзірлеу және сараптау»  курсына -13 мұғалім қамтылды. 

«Оқушылардың математикалық және оқу сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту »  курсы   бойынша курстан өткен мұғалімдер- 4.

«Пәндік құзіреттілікті арттыру »  курсы   бойынша курстан өткен мұғалімдер- 16.

 Қысқа мерзімді «Даму» орталығы курсына қамтылған ұстаздар  саны -   23. 

Инклюзивті білім берудің мазмұны  бойынша курсқа қамтылған мұғаімдер – 7. 

  •    Оқу процесін ұйымдастыру кезінде білім беру ұйымдары осы Әдістемелік-нұсқау хатты, сонымен бірге «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығымен бекітілген әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алды.

«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) ҚР БҒМ (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық),2021-2022  оқу жылына арналған  әдістемелік нұсқау хат, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілгенНегізгіортабілімберудіңжалпыбілімберетінпәндерініңүлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы  25 қазандағы № 545 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары(  2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығын) негізге ала отырып,  әдістемелік қызметтің   жұмысы бойынша  жылдық жоспар   жасалынып, бекітілді. Әдістемелік   нұсқау хатты негізге ала отырып,  мұғалімдердің   күнтізбелік  жоспарлары   тексеріліп   бекітілді.

2021-2022   оқу жылында төмендегідей нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізілді. 

ҚазақстанРеспубликасыБілімжәнеғылымминистрінің2020жылғы6сәуірдегі  «Орта,техникалықжәнекәсіптік,ортабілімненкейінгібілімберуұйымдарыпедагогтерініңжүргізуіүшінміндеттіқұжаттардыңтізбесінжәнеолардыңнысандарынбекітутуралы»№130бұйрығы;

«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 16.09.2021 № 472 бұйрығы; 

  • ҚазақстанРеспубликасыБілімжәнеғылымминистрінің2020жылғы 12 тамыздағы «Орта білім беру ұйымдарында 2020 - 2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» № 340 бұйрығы;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің2020 жылғы 28 тамыздағы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің                 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 373 бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы «Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» № 374 бұйрығы.

2021  жылдың 20-27   тамыз күндері аудандық тамыз кеңесі өткізіліп,  мектебімізден  А.Ильясова, Н.Абдулаева, І.Беренбаева,     сынды ұстаздарымыз өз тәжірибелерімен бөлісті. 

       2021 жылдың 27  тамыз   күні   офлайн форматта   мектепішілік тамыз  кеңесі «Білімді ұлт- тұрақты дамудың кепілі»  атты    жалпы тақырып аясында «Оқушылардың   функционалдық сауаттылығын  қалыптастырудағы мектептің рөлі» тақырыбында  өткізілді.  Әдістемелік пән бірлестіктері  тақырыптық алаңдарда пәндері бойынша   белгілі тақырыптармен  секциялық   отырыстарын   өткізді.  

      Пленарлық бөлімде   оқу ісі жөніндегі орынбасар Ж.Абирова                                     «Білім алушылардың креативті ойлауын дамыту»,  тарих пәні  мұғалімі  Н.Матаева «Білім алушылардың функционалдық   сауаттылығына арттыру», ағылшын тілі пәні мұғалімі Ш.Баратова  «Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша және   білім алушыларға сапалы  білім беру жолдары  мен тиімді платформалар» туралы  тәжірибелерімен бөлісті. 

       Ж.Абирова  Әдістемелік нұсқау  хатпен таныстыра отырып,   жаңа оқу жылындағы  ерекшеліктерді  атап көрсетті.  11 сыныптарда   төмендетілген үлгілік оқу жоспарын басшылыққа алатын  2021 жыл 26 наурыздағы №215  бұйрық туралы     айтып өтті. 

 Жаңа оқу жылының нормативтік құжаттарымен таныстырылды.   (№130, №472 бұйрық, №345 бұйрық) . Жаңа оқу жылында атқарылар  жаңа міндеттер мен мақсаттар  айқындалып,   ұсыныстар   айтылды.  Пән бірлестіктерінің  жылдық   жұмыс жоспарлары бекітілді. 



07.09 – 14.09  аралығында     мұғалімдердің сапалық құрамы бойынша    аудандық білім бөліміне есептер беріліп, НОБД  базасы   (152   қызметкер  тізімі) толтырылды. 

Педагог қызметкерлердің  күнтізбелік- тақырыптық жоспарлары тексеріліп,  бекітілді.




Пән бірлестіктерінің    апталықтары: 

Жылдық жоспарға   сәйкес «Шебер» (технология, бейнелеу өнері, музыка) әдістемелік пән бірлестігі  «Өнерің   болса қолыңда,  өнерлінің  ырысы, жарқырап жатыр жолыңда» тақырыбында   өткізілді. Оқушлар шығармашылық жұмыстар көрсетті. 

  Апталық сабақтарында  пән мұғалімдерінің   оқушылармен шығармашылық жұмыстар жүргізуі,  жаңа форматта  сабақ өтуі,   жаңартылған білім беру мазмұны   талаптарын  сабақ барысында  жүйелі жүргізуі   назарда болды. 

2021   жылдың  18-23  қазан   аралығында «Сергек» дене шынықтыру, АӘД пәндері әдістемелік бірлестігінің  «Тәуелсіздік -  елімнің ерлік жолы»   тақырыбында   өткізілді.  Аталған пән бірлестігі  оқу бағдарламасына сәйкес бір сабақ және  сыныптан тыс бір сабақтан өткізді.  Апталық соңында мұғалімдермен эстафеталық жарыс ұйымдастырды. 

15 – 20 қараша аралығында «Шежіре» тарих, өзін – өзі тану пәндері әдістемелік бірлестігінің  апталығы өткізілді.  Апталық барысында  аталған бірлестік жүргізетін  «Ұлы дала жаңғырығы»  жобасы    даталы жылдың бірі алаш зиялысы   Ә.Бөкейхановқа арналып, оқушылар   алаш зиялысының  еңбектерінен   ғылыми жоба жұмысын қорғады.     Апталық соңында  мұғалімдер арасында  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған видеофильмдер байқауын  ұйымдастырды. 

22- 27  қараша аралығында «Бірлік» орыс тілі мен әдебиеті әдістемелік пән бірлестігінің апталығы Тәуелсіздіктің  30 жылдығына арналды.   Бірлестік апталықтарының қорытындысы  бірлестік отырыстарында   талданып отырды. 



2022 жыл 24.01-29.01.  аралығында  «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында «Алгорифм» пән бірлестігінің  апталығы болып өтті. Апталық  барысында  математикалық жоба, үздік сабақтар,  8-9 сыныптар арасында олимпиада, мұғалімдер арасында Логикалық ойындар өткізіліп, бірлестік апталығы жақсы пікірге ие болды. 

2022 жылдың 31 қаңтар мен 7 ақпан аралығында «Жігер» бастауыш  пән бірлестігінің  «Бастауыш сынып оқушыларының  функционалдық сауаттылығын қалыптастыру  жолдары» тақырыбында апталығы болып өтті. апталық барысында барлық пән мұғалімдері   үздік сабақтар көрсетіп,   сабақтарында фунционалдық және   математикалық сауаттылықтарын арттыратын PIRLS, TIMS  тапсырмаларын қолданды. 

Апталық қорытындысында пән мғаімдерімен  «Ой мен ойын» байқауын өткізді. 

2022 жыл 7 ақпан мен 11 ақпан   аралығында   «Ағылшын әлеміне саяхат» тақырыбында «Полиглот » пән бірлестігінің   апталығы болып өтті. Апталыққа пән мұғалімдері белсенді атсалысты.   Апталық барасында ағылшын  тілі пәні жобалары, байқаулар ұйымдастырылды. 

“Парасат” пән бірлестігінің апталығы  2022 жылдың  14. 02 – 18.02. аралығында  А.Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған   «Ахмет Байтұрсынұлы – адамзат пен білім диқаншысы» тақырыбында  өтті. Апталық барысында  пән мұғалімдері  ұлт ұстазы шығармашылығын қамти отырып үздік сабақтар, сыныптан тыс шаралар өткізді. 


«Шебер» пән бірлестігінің апталығы2021 – 2022 оқу жылын«Өнерің болса қолыңда,жарқырап жатыр жолыңда» атты 12 – 19  қазан аралығындағы апталығыдағы


21.02 -28.0.2 .2022 «Глобус» пән бірлестігі  «ХХІ  ғасыр – жаратылыстану ғылымдар дәуірі » тақырыбында өтті. Апталық  жоғары деңгейде өтті.  Жас мамандар зертханалық   тәжірибелер жасап, оқушылар қызығушылығы жоғары болды.  «Квест эстафетасы»,  «Есептер шығару күні»  шаралары өте қызықты өтті. Үлгілі сабақтар қорытындысы мұғалімдер арасында квест эстафетасымен жалғасты.



2021-2022 оқу   жылында   әдістемелік  пән бірлестіктерінің  апталықтары жоғары деңгейде шығармашылықпен, ізденіспен, жаңашылдықпен өткізілді. Апталық соңындағы мектеп директорының жаңа бастамасы   мұғалімдер арасында өткізген қорытындыларына пән мұғалімдері  белсенді қатысты.                                                                                                                                            

Дарынды оқушылармен жұмыс

  Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық — педагогикалық жақтарын қарастырудың қырлары әр қилы болатыны белгілі. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарай дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі де анық. Себебі, баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Осындай жұмыстардың бірі дарынды оқушылардың ғылыми жұмыстарының жүргізілуі. Биылғы 2021 – 2022   оқу жылында дарынды оқушылармен    жұмыс жетекшісі болып математика пәнінің мұғалімі О.Тұрбекова бекітілді. Жыл басында дарынды оқушылармен жұмыс жоспары жасалып, дарынды оқушылар тізімі жасалып бекітілді. Аудандық білім бөліміне ғылыми жобалар байқауына 15  оқушыны қатыстыруға сұраныс беріліп, тек 10  оқушы ғана қатыстырылды. Барлық қатысқан оқушылар орындар алды. Ол оқушылар: 

  1. 9а сынып оқушысы – Сатылған Н. І орын  /жетекшісі Олбариева Г.
  2. 9б сынып Кулжабаева Е. ІІІ орын /жетекшісі – Абылбекова А, 
  3. 9а сынып оқушысы Қуаныш Д. ІІ орын /жетекшісі Қасымбекова Д, 
  4. 8ә сынып оқушысы – Абдибай А. ІІІ орын  /жетекшісі Абдиманапова Л,
  5. 8а сынып оқушысы – Жетписбай Ж.ІІІ орын  /жетекшісі Тыныштыбай У, 
  6. 8ә сынып оқушысы – Мухамеджан К. ІІ орын  /жетекшісі Қайрат Д, 
  7. 10А сынып оқушысы – Есболқызы А. І орын  /жетекшісі Абдыганиева С, 
  8. 10А сынып оқушысы – Ерлан Ж. ІІ орын  /жетекшісі Абдыганиева С, 
  9. 9А сынып оқушысы – Акимова М І орын  /жетекшісі Ильясова Н, 
  10. 8Ә сынып оқушысы – Өмірқул А. І орын  /жетекшісі Мекебаева Э.  

Мектепішілік олимпиада 2021 жылдың 28 қазан күні өткізілді. Олимпиадаға 106 оқушы қатысып, аудандық кезеңге 21 оқушы жіберілді. 

Мектепішілік  жалпы пәндер олимпиадағы қатысқан оқушылар мониторингісі



Қыркүйек айында Президенттік олимпиадаға 11а сыныбының 4 оқушы қатысып Б.Оңласын мен Ж.Азатжановалар ІІІ орынды иеленді. 

Мектепішілік «АЛТЫН САҚА» сайысына 5,6 сынып оқушыларынан 10 оқушы қатысты. Аудандық кезеңге де осы оқушылар қатысты. Нәтижесінде 5Ә сынып оқушысы Серікбек Зерделі облыстық кезеңге өтті

01.11.2021 күні «IQANAT»   Республикалық олимпиадасының алғашқы кезеңіне 8 сыныптан 29 оқушы сұраныс беріп 24 оқушы қатысты. 6 оқушы екінші кезеңге өтті: Бақытұлы Қ,Ирисбек А,Нұржан Қ,Жолдас Н,Муратбек А,Қанат Н

Бейсен Құранбек атындағы облыстық «MIBATTLЕ” байқауына 10а сынып оқушылары қатысып,Алғыс хаттармен марапатталды.

5,6 сыныптар арасында Республикалық пәндер олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға 80 оқушы қатысты. Аудандық кезеңге 5-сыныптан 6,6-сыныптан – 6 оқушы жіберілді. 

5,6 сыныптар арасында Республикалық пәндер олимпиадасының аудандық кезеңінде 5 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олар:

Совет Қуаныш –І орын /математика/,

Мейіржанқызы Медина-Іорын/тарих/,

Сланбек Нурай – І орын/қазақ тілі/

Махсут Биғайша – І орын/орыс тілі/

Таңжарық Айназ– ІІ орын/жаратылыстану/

19.11.2021ж күні 2–7 сыныптар арасында мектепішілік «Зерде» зерттеу жұмыстар мен шығармашылық жобалар конкурсы өтті. 6 оқушының жұмысы аудандық кезеңге жіберіліп, 3 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды. 

Олар: Нурланбек Арнұр /жетекшісі: А.Қанапия

           Сайлау Назерке /жетекшісі: Н.Матаева 

          Еркінжанұлы Мұстафа /жетекшісі:Г.Скабылова

    Облыстық ғылыми жобалар байқауында 10А сынып оқушысы – Есболқызы А. ІІ орынды иеленді  /жетекшісі Абдыганиева С

          10 желтоқсан Роботтар көрмесі ұйымдастырылды.  Көрмеде оқушылар өздерінің құрастырған роботтарымен таныстырып өтті. 

8 б сынып оқушылары 10-желтоқсан күні мектебіміздегі спорттан республикалық, халықаралық дәрежедегі жеңімпаздарымен кездесу өткізді.Кездесуде жеңімпаздарымызбен сұқбат жүргізіліп, оқушылар өз өнерлерін көрсетті

          «Алгорифм» пән бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес қазан айында  10-11 сыныптар арсында логикалық эстафета сайысы өткізілді. 3 кезең нәтижесі ойынша эстафета кубогын  10а сынып оқушысы А. Айдосұлы жеңіп алды.

          22–25 қараша аралығында 8–9 сыныптар арасында эстафета болып өтті. сайысқа 48 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлделі орындарға  ие болды. 

          Бас жүлде/кубок/– Асқарбек Б.

          І орын –Нурумханова Н.

ІІ орын–Қуанышбек М.

ІІІ орын – Әділбек М.

Жас маман және жаңадан келген мамандармен жұмыс

Оқу жылының басында жас мамандар саны- 10 мұғалім.  Оқу жылының басында жас мамандарға тәлімгер ұстаздар бекітіліп,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі «Орта,техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы»№130 бұйрығын басшылыққа  ала отырып, жұмысжоспары жасалынды.  Жас мамандармен жұмысты Г.Олбариева жүргізіп отырды.   Жас мамандарға көмек көрсету мақсатындасабақтарына кесте арқылы қатыса отырып,  әдістемелік көмек көрсетілді.  Жас мамандар сенбі күндері жүргізілген коучингтарға үзбей қатысып отырды. 

Жас мамандар:     Б.Мұхитқызы және Сауытбаева Гүлдене, А.Айтбаева, Д. Қайратқызы, Д.Кулжабекова, А.Диханбай, Б.Диханбаева,   Ф.Токаев,   Рғынбаева Н, Бауыржан Қ.

Жас мамандар жетекшісі  Г.Олбариева  жас мамандардан сауалнама ала отырып,   жұмыс барысында олардың қиналатын тұстарын анықтады. 

Тәлімгер ұстаздар мен тәлім алушылардан жартыжылдыққа арналған рефлексивті есеп алынды.  Тәлімгер Г. Скабылова « Тиімді жоспар- сәтті сабақ» тақырыбында жас мамандармен қысқа мерзімді жоспар жасау жолдарын  ұсынды. 


«Мақсатты дұрыс  қоя білу- сәтті сабақ кепілі»  тақырыбында    тәлімгер ұстаз бастауыш сынып мұғалімі  Г. Скабылова жас мамандарға   семинар сабақ өтіп, сабақ мақсатын дұрыс құру, оған жету жолдары туралы   тапсырмалар орындатып, әдістемелік көмек көрсетті. 

     2022 жылдың  23 сәуір күні жас мамандардың шығармашылық әлеуетін қалыптастыру,  іс- тәжірибелерін дамыту,  кәсіби мәртебесін    көтеру және қолдау мақсатында «Үздік жас маман-2022» байқауы өткізілді.   Жас  мамандар   жетекшісі Олбариева Гульмира   байқау  ережесін бектіп, кезеңдерін алдын ала ұсынды. Байқау «Таныстыру», «Үздік сабақ»,     «Жаңашыл идеялар»,  «Тест сұрақтары»,  «Ораторлық шеберлік»  кезеңдерінен   тұрды. Байқауға мектептің ал жас маманы қатысып, өз білімдерін, тәжірибелерін көрсетті.      Байқау аудандық, мектептің  әлеуметтік желілеріне жүктелді

Тәлімгерлердің жас мамандармен жұмысы жүйелі жүргізілді.   тәлімгер ұстаздар мен жа мамандардың әр тоқсандағы рефлексиялық есептері  алынып, классрум  парақшасына жүктелді. Шығармашылық топ мүшелері жас мамандар сабақтарына қатысып,   тиімді кері байланыс беріліп отырды. 

          Педагог қызметкерлерді аттестаттауды  ұйымдастыру жұмыстары

«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 192 бұйрығына  сәйкес    , мектепте   мұғалімдердің  шығармашылық   кәсіби біліктілігін арттыру   мақсатында    2021  жылдың мамыр айында   ұлттық    біліктілік тестілеуден     маусым және қараша   айында  өтуге    12 мұғалім      біліктілік санатына  өтініш берген болатын.    Ұлттық біліктілік тестінен  шектік балл жинап 5    мұғалім өтті.  Оның ішінде  2 мұғалім (Алгожаева А., Асильбаева А.) педагог- зерттеуші санатына, 3 мұғалім   

( Сатылғанов Н, Қанапия А, Талипбаева Ш.  ) педагог-  сарапшы санатына,      

4 мұғалім (  Дауталиева А, Айтбаева А, Багдатов Т, Нысанова Д. ) педагог - модератор санатына     өтіп келді. Аталған мұғалімдер  желтоқсан  айында   аттестаттау комиссиясына    шығармашылық қоржындарын ұсынып,   комиссиядан өтті. 

        Аттестатталушы мұғалімдер  қызметі қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтаудың өтініш берілген біліктілік санатына сәйкестігін анықтау   мақсатында мектеп директорының 2020 жылы   қыркүйекте    бұйрығымен       мектептің   тәжірибелі,   жоғары категориялы, шығармашылықпен жұмыс істеп жүрген  ұстаздарынан   құралған  сараптамалық кеңес  құрамы құрылды.  Аталған   сараптамалық  кеңес    желтоқсан  айында   сараптамалық  кеңес отырысында  аттестатталушы мұғалімдердің  кешенді қорытынды  жинақтарын   қарап,   желтоқсан айында 4 мұғалімді педагог- молдератор  санатына өткізді.   

           Аттестаттаушы комиссия құрамы   аттестатталушы мұғалімдерге      «өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді»  деген шешім шығарып,         хаттама   толтырылды.  Аттестатталған мұғалімдер  жалақысына  2020  жылдың қыркүйек және  қаңтар айынан   бастап,  педагог-зерттеуші санатына  40%, педагог-сарапшы санатына 35%,   педагог-модератор   санатына   30%  үстемақы  төленетін болады.


Мектепішілік жобалардың жүргізілуі

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, рухани жаңғыру мақаласын жүзеге асыру мақсатында жоспарланған «Жыр керуені», «Мәнерлеп оқу», «Русский караван», «Оқуға құштар мектеп»,   және «Экологиялық күнтізбе», «Логикалық эстафета», «Ұлы дала жаңғырығы » жобаларының жұмыс жоспары  жасалды.  Аталған    жобалар  әр айдың бейсенбісінде     мәжіліс залында, жекелеген кабинеттерде  өткізіліп отырды.  

 Аталған жобаларға  бірлестік жетекшілері  (А.Сванғожаев, Н.Джаппарова ,  А.Ильясова, Ш.Баратова, Ж.Надырбекова, Сәді М. ) жауапты болды. 

«Алгорифм» пән бірлестігінің жаңадан енгізген жобасы  «Логикалық квест – эстафета» деп аталады.  Аталған жоба   1- тоқсанда  9-  сыныптар арасында   зум бағдарламасы арқылы өткізілді.  Эстафета екі турдан тұрды.  Аталған жобаға PISA халықаралық салыстырмалы зерттеу  тапсырмаларының үлгісіндегі тапсырмалар алынып отырды. Қорытындысы жартыжылдықта жаияланады.  Мақсаты:   оқушылардың  логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып,    бәсекелестікке       дағдыландыру.  

1-2 кезеңдер бойынша тапсырмалар  дайындалып,  оқушылар    жасырынған тапсырмаларды тауып,    келесі мұғалімнен  тапсырманы  бірінші болып алып орындауы қажет.   Жоба оқушылардың  қызығушылығын арттырды.  Нәтижесінде   ең бірінші орындаған оқушылар   мақтау қағаздармен,  аранйы кубоктармен  марапатталды. 

«Полиглот» пән бірлестігінде  оқушылар арасында   тосқан сайын   өткізілетін  ағылшын тілінде  мәнерлеп оқу жобасы    тоқсан сайын өткізіліп отырды. Аталған бірлестікте «What? Where? When?»   зияткерлік байқауы  әр жартыжылдықта өткізіліп, оқушылардың қызығушылығын тудырып,  белсенділігін арттырды. 


Шығармашылықпен топтың мұғалімдердің өз білімін көтеру  бағыты бойынша мектептің жылдық жоспарына сәйкес жоспарланған коучинг- сессиялар өз уақытында өткізілді. .

09.10.2021жылы математика пәні мұғалімі О.Тұрбекова «Математикалық формулаларды ассоциациялау арқылы есте сақтау» тақырыбында коучинг-семинар, 30.10.2021 жылы  «PIZA» әдісімен   тест тапсырмаларын құрастырудың ерекшеліктері» А.Абылбекова     ақпараттандыру жұмысын өткізді. Бас тауыш сынып пәні мұғалімі А.Қанапия «Бастауыш сынып  пәндері бойынша   бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау» тақырыбында  БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын дайындау жолдары, үлгілерін ұсына отырып, жиынтық бағалау спецификациясымен  таныстырды. 

        Ағылшын тілі пәні мұғалімі Ш.Баратованың  «Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру» тақырыбында коучинг , тарих пәні мұғалімі Н.Матаева  «Пән аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында коучинг өткізуі жоспарланғанмен  белгілі   себептерге  байланысты өтілмеді. 

2022 жылдың 28 наурыз күні  каникулдық мектеп жобасы аясында мұғалімдердің өз білімін көтеру  бағыты бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Олбариева «Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар және оны шешу жолдары»   шебер сынып  өткізіп,  тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. 




Мектепті дамыту жоспарына сәйкес  А.Толендиева «Блум таксономиясы» тақырыбында коучинг-сессия өткізіп, қысқа мерзімді сабақ жоспарын тиімді құру жолын түсіндірді. Ш. Баратова « Айтылым   дағдысын жетілдіру » тақырыбында коучинг -сессия өткізіп, оқушылардың айтылым дағдысын жетілдіру жолдарын ұсынды. 


Мектепішілік бақылау

 Мектепішілік  бақылау жоспарыҚР Білім және ғылым министрінің 16.09.2021 № 472 бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілген  түрімен қазан айында қайта жасалды. 

Мектепішілік бақылау жоспарына   сәйкес,   төмендегідей жұмыстар атқарылды. 

Пән мұғалімдерінің күнтізбелік жоспарларын, таңдау курстары мен үйірмелердің бағдарламаларымен  жұмыс жүргізуі,  мұғалімдердің оқу бағдарламаларын, оқу жоспарын  дұрыс қолдануы,  сабақ жоспарлары,  оқу мақсаттарының дұрыс  қойылуы   қадағаланып отырды.   

Әдістемелік пән бірлестіктерінің  жылдық жоспарлары тексеріліп бекітілді.  Қазан айында  мектеп әкімшілігі    пән бойынша    сыныптардың   сабақтарына қатысып, қашықтан оқыту жағдайында білім  алушылардың    сапалы білім алуын,     мұғалімдердің сандық білім ресурстарын    тиімді қолануын,  кері байланыстың  өз деігейінде  жасалуын,   бжб, тжб тапсырмаларының    белігілі  спецификациясына  сәйкес жүргізілуін   бақылап отырды. 9- сыныптарда математика пәндеріне, 3- сыныптардағы және 5 в- сыныбындағы  орыс тілі мен әдебиеті пәндеріне сабаққа қатысу жүргізілді. 1- тоқсанның білім сапасы талдауына сәйкес 5в, 9ә, б, 2 а, 8 а- сыныптарындағы бірнеше пән мектепішілік бақылауға алынып, сабақтарға қатысу жүргізіліп,  талдау жасалып, директор жанындағы кеңесте қаралып отырды. 

Білім алушылардың біліміндегі олқылықтармен жүргізілген жұмыстар талқыланып отырды. 

Біліктілікті арттыру бойынша 

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру   мақсатында өтетін курстарға  -«БЖБ, ТЖБ  тапсырмаларын   әзірлеу және сараптау»  курсынан мамыр- маусым аралығында    Д.Нысанова, М.Темірхан, Л.Айтжанова, Ж.Надырбекова, С.Низамова, Н.Абдулаева, Э.Егизекова , А.Диханбай  өтті.  

Мамыр мен маусым  аралығында  Сәді М, З.Сарсембекова, Д.Кулжабекова, У.Тыныштыбай, А.Абылбекова математикалық   сауаттылықты арттыру курсынан өтсе,   пәндік құзіреттілік курсынан орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Г.Аблимитова, Г.Торгаева, Н.Ильясова, А.Азнакулова, А.Акбарова,  Тайырова М, Қайрат Д, Айтбаева А, Баратова Ш, Берсугирова С. біліктілікті арттыру курсынан өтті.  

«Даму» біркүндік оқыту семинарының курсын 7 мұғалім оқыды. 

«Ұлағат» біліктілікті арттыру курсынан 13 мұғалім   біліктілігін арттырды. Инклюзивті білім беру бойынша -7 мұғалім курстан өтті. 

Білім сапасы бойынша

Әдістемелік пән бірлестіктерінің  білім сапасы  әр   тоқсан сайын кануикул күндері      талқыланып   қаралды.  Әдістемелік пән бірлестіктерінің  тоқсан сайынғы  білім сапасы,   атқарған жұмыстары,   жеткен жетістіктері мен   жіберген кемшіліктері SWOT  кестесі арқылы талданып отырды. 

Оқу жылының басынан  бастап «Classroom»  бағдарламасында мектептің  «Вертуалды кабинеті»  ашылып,      сол жерде  барлық  пән бірлестіктерінің  құжататры,   нормативтік құжаттар, өткізілген іс-шаралар,  жоспарлар,    видеосабақтар салынып отырды. 





Мұғалімдердің марапатталуы  

Мұғалімдер мерекесіне орай 8 қазан күні  қазақ тілі мен әдебиеті   пәні мұғалімі Ж.Абирова  Облыстық білім   басқармасының  Құрмет грамотасымен және  аудандық  кәсіподақ ұйымының   Алғыс хатымен   орыс тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі Э.Мансурова, аудандық білім  бөлімінің Алғыс хатымен Н.Ильясова  марапатталды. Орыс тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі Н.Абдулаева   облыстық Кәсіподақ комитетінің      Мадақтамасына  ие болды. Мектеп директоры Б.Абдилова облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. 

 ҚР Тәуелсіздігінің  30 жылдық мерейтойына орай мектепішілік марапатқа 13 мұғалім ие болды. 

 Кәсіби байқаулар 

Мұғалімнің  кәсіби байқауларға қатысуы  өзін-өзі дамытудың  бірден бір жолы.  

  Мектепішілік «Педагогикалық дебют» байқауында А.Айтбаева 2- орын, А.Диханбай 1- орын, Б.Мұхитқызы 3- орынға ие болып, аудандық кезеңге қатысқан А.Диханбай номинацияға ие болды. 

Облыстық Бейсен Құранбек олимпиадасына командалық 5 мұғалім және 5 оқушыдан қатысып, ұстаздар тобы 3- орынға ие болды. 

Аудандық «Математикалық  регатаға» У.Тыныштыбай қатысып, орын ала алмады. «Физикалық регатада »   жас маман Бауыржан Қалима 3- орынға   ие болды.  

Бастауыш сынып мұғалімі А.Булатова «Үздік бастауыш-2021» аудандық байқауынан  1- орын иеленіп, облыстық кезеңінен 3- орын иеленді. 

  


Озат тәжірибе тарату 

        Аудандық каникулдық мектеп жобасында орыс тілі мен әдеиеті пәні мұғалімі Г.Олбариева, биология пәні мұғалімі  А. Ильясова, 

І.Беренбаева, А.Булатова,  Н.Абдулаева,  өз тәжірибелерімен  бөлісті.

         2021 жылдың 10 желтоқсан күні тарих пәні мұғалімі Г.Акурпикова    «Тарихты оқытудың сыныптан тыс түрлері» облыстық вебинары аясында «Ұлы дала жаңғырығы» зерттеу жобасымен іс- тәжірибесімен бөлісті.   



Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Мүмкіндіктер 

Қауіптер 

 Мектеп мұғалімдерінің   кәсіби байқаулардан орын алуы,  тәжірибелік алаңдарда  іс- тәжірибе бөлісуі,  ресурстарды тиімді қолдануы

үздік бейнесабақтар дайындауы азайды 

Кәсіби байқауларға  шығармашылықпен  қатысу, іздену

 Инновациялық технологияларды қолдану,  акт сауаттылықтарын арттыру 


Мұғалімдердің онлайн  біліктілікті арттыру курсынан  белсенді өтуі   


Курста алған білімдерін  практикада қолдану 


Өз білімін көтеру жұмыстары бойынша  шебер сынып, коучингтердің өткізілуі, мұғалімдердің       әріптестер арасында  кәсіби даму жұмыстарына белсенді қатысу

 Біршама мұғалімдердің    коучингке аз қатысуы    

Мұғалімдер арасында әдіс алмасу, тәлімгерлік жұмысын үзіліссіз жүргізу


Жоспар бойынша   әдістемелік пән бірлестіктерінің  апталықтарының өз уақында өткізілуі.    

Мұғалімдердің     белсенді оқыту әдістерін пайдалануының дамуы . Апталық қорытындысында мұғалімдермен  түрлі сайыстар өткізілуі    дәстүрге айналуы.  Апталық шарасының безендірілуі өте жоғары деңгейге көтерілуі 

«Парсат» пән бірлестігі нің апталығының кешігіп өтуі     


Апталықтардың өтілу формасын жаңарту. Мұғалімдердің      акт сауаттылығын  арттыру 


«Жыр керуені», «Ағылшын маршы», «Русский караван»,  «Эксотан» жобаларының, тарих , ағылшын,  математика пәндерінің жобаларының    қашықтықтан оқытуда    әлеуметтік желілерді, зум бағдарламасын тиімді қолданып өтуі. 

 «Жыр керуені» жобасның форматының баланы жалықтыруы   


Жобалардың материалдарын толықтырып, баспаға жариялау қажет. Мектептің ютуб каналы мен инстаграм, фейсбук  парақшасына салу 


«Өрлеу» БАҰО- мен бірлікте өткізілетін эксперименттік мектептер арасында өтетін тәжірибе алмсау  онлайн-семинарға қатысу 

 Ғаламтор желісінің байланысының төмендігі 

Жоғарғы оқу орындарымен байланыс жасау 


Аттестаттаудан біліктілік санатын көтерген және растаған мұғалімдердің белсенділігі 

  Екі мұғалім педагог-зерттеуші  санатына,     3 мұғалім  педагог- сарапшы, 4 мұғалім педагог- модератор санатына өтуі. Жалпы мектепте мұғалімдерге  60 пайыз жаңа форматтағы   біліктілік санаты тағайындалды. 

Ұлттық біліктілік тестінен бірнеше рет өте алмауы 

Біліктілік санаттарын көтеруге лайықты мұғалімдердің бар болуы

Дарынды оқушы жұмысының нәтижесінің аздығы 



Жалпы пәндер бойынша пән олимпиадасына   білім алушылардың белсенді  қатысуы.  

Кіші ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінен 10 білім алушы жүлделі орын алып, 2  білім алушы облыстық кезеңнен 2  орын иеленді. 

1-7 сыныптар арасында «Зерде» ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңіне 6 оқушы қатысып, 3 оқушы облысқа жолдама алды. облыстық кезеңінен 5-6 сыныптар олимпиадасында 5 оқушы аудандық кезеңде 1- орындар иеленді. 

 «Айқанат» олимпиадасының  6 оқушы қатысты. 

5-6 сыныптар олимпиадасында облыстық кезеңде орын алмады

Мұғалімдердің  дарынды балалармен  жеке шығармашылық жұмыстар жүргізуі 


5 в, 3 б, 2 б, 6а , 7а, - сыныбында Лессон стади зерттеу сабағының жүргізілуі ағылшын тілі, қазақ тілі, география пәндерінен зерттеу сабақтары өтілді.    

 Зерттеу сабақтарының кешігіп басталуы 

Зерттеу сабақтарының өткізілу тәртібімен, зерттеу сұрақтарымен жұмыс жүргізу  


 Әдістемелік бірлестіктердің  әр тоқсан     сайын  жасаған рефлексивті есеп беруінде  жетістік пен кемшіліктер  нақтыландып,  мектептің вертуалды кабинетіне жинақталып отырды. Пән бірлестіктері   БЖБ,ТЖБ талдауларын жасап,  қиындық тудырған мақсаттармен жұмыс жасады. 

Жоспар бойынша құжаттарды  классрум парақшасына  уақытында салу,     

 Бірлесіп қиындық тудырған мақсаттарға ортақ тапсырмалар кешенін әзірлеу


Мектепішілік бақылау  жоспарына сәйкес білім сапасы төмен пәндерге математика, орыс тілі мен әдебиеті пәндеріне  бақылау жүргізілді.  төмен сапа көрсеткен  бірнеше сынып бақылауға алынды. 



Уақытында кері байланыс беру,  интернет , онлайн ресурстарын  өз деңгейінде қолдану  


Жас мамандармен Г.Олбариева жүйелі жұмыс жүргізді. 

тәлімгер ұстаздардың құжаттарын ретке келтіру 

Жас мамандар қабілетінің жоғарылылығы, берілген тапсырманы  дер кезінде орындауы 







Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив