Қыз тәрбиелегенің– ұлтты тәрбиелегенің. » "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-59
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
ноябрь
2022

Қыз тәрбиелегенің– ұлтты тәрбиелегенің.


Қыз тәрбиелегенің– ұлтты тәрбиелегенің.  Бүгінгі бойжеткен – ертеңгі ана.  Ата-бабамыз қызға «қонақ» деп төрден орын беріп, парасаттылыққа баулып өсірген. Қазекем өрісін кеңейтер қыз баланың тәрбиесін басты назарға алып, сыпайы, ізетті де ісмер, қылықты болуын қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркелетпеген. Қызға «жат жұрттық» қонақ ретінде жас күнінен отбасының бірлігін сақтаушы, қара қазанның иесі, үйдің ұйытқысы ретінде тағылымды тәрбие берген. «Қызым үйде – қылығы түзде» демекші, оның жүріс-тұрысы мен киім киісі – тәрбиенің негізі. Ертеңгі ұрпақты тәрбиелейтін – қыз.  Ақыл да анадан дариды, дана да әйелден туады. Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Осыған орай Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектепте 08 қазан 2022 жылы «Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі» тақырыбында мектептегі «Инабат» қыздар клубының кезекті отырысы болып өтті. Отырысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Асильбаева ұйымдастырып, қыздар клубының мүшелері жүргізіп отырды. Отырыс пікір алмасу ретінде өткізілді. Отырысқа 8-9 сынып қыздары қатысты. Отырыстың басы қыздардың көңіл күйлерін реттеу мақсатында «Сіз қандайсыз?» тақырыбындағы психологиялық  тестпен басталып, пікір алмасуға жалғасты. Қыздар өздеріне алдын ала берілген «Шетелдегі қазақ балалары» фильмі желісінде өз ойларын айтты. «Қазақ балаларының шетелге сатылуына кім кінәлі?», «Қазақстанда жетім балалардың болуына кім жауаты?» сынды сұрақтар төңірегінде өз ой пікірлерін білдірді. Қорытындылай келе барлығы да қыз бала тәрбиесі мен санасына келіп тірелетіндігін айтты. Яғни, бүгінгі қыз, ертеңгі ана. Ал ана ақылды,  білімді, тәрбиелі болса, бала да зардап  шекпейді. Қыз бала өз тәрбиесі арқылы бүкіл қоғамды өзгерте алады» деген сияқты ой пікірлер айтылды. Жалпы алғанда клуб отырысы қыздар үшін пайдалы мәліметтерге толы болды. Қыздар өздерінің қоғам мен отбасы  алдында жауапкершіліктері жоғары екендіктерін түсінді.
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив