«ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ» » "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-59
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
октябрь
2021

«ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ»

12-қазанда мектебімізде «Шежіре» пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы»на тұспа-тұс келіп отырған Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың – 155 жылдығына орай  «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ» зерттеу-жобасы өткізілді.
«Әлихан Бөкейханов - ұлт көсемі» қазақ халқының азаттық жолындағы күресте алдаспаны болған аяулы тұлға бейнесі жайлы зерттеуді 7 ә сынып оқушылары Ерболат Дидар мен Талғатқызы Сағыныш ұсынды. 
«Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз…» — Әлихан Бөкейханның тәуелсіздік, азаттық тақырыбындағы еңбектері бойынша шығармашылық ғылыми-зерттеу жұмысы 9 сынып оқушылары Кенжеғазы Айым, Қуанышқызы Диана қорғап өтті.
«Талаптан да білім мен өнер үйрен» — Әлихан Бөкейханның мәдениет, тарих, ағартушылық, ғылым мен білімді арқау еткен мақалалары, шығармашылығы жайлы 8 сынып оқушысы Абдибай Алуа таныстырылым жасады. 
«Әлихан Бөкейхан және «АЛАШ» мұрасы» тақырыбына зерттеуді 10 сынып оқушылары  Есболқызы Айым, Кулбаева Амина ұсынды.
Жоба соңында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханов мұраларын зерделеу болашақ ұрпақтың әрдайым назарында болуы керек. Және де осындай халқымыздың біртуар заматтарын, ұлы тұлғаларын құрметтеп, олардың жасаған ерлік істерін ұмытпай қадірлеп жүруіміз керектігі айтылып, қорытындыланды.
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив