Азаматтық-патриоттық тәрбие іс шаралары » Страница 3 » "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-59
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Толағай" ертегісі
13
апрель
2022
"Толағай" ертегісі
13 сәуір 2022 жылы 1 Ә сыныбында "Толағай" ертегісінің желісі бойынша үлгілі тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында  оқушылар "Толағай" ертегісін тамашалап, ертегі желісі бойынша көрініс көрсетіп, ертегі үзінділерін жатқа айтты. Сондай-ақ сынып жетекшісі Ш. Шуманова ертегінің түрлері туралы түсінік беріп, тау көтерген Толағайдың елі үшін еткен еңбегінің елеулі екендігін түсіндірді. Оқушылар сабақ соңында "Егер де мен..." әдісі бойынша Толағайдың орнында  болсам не істер едім деп өз ойларын айтты.
"Ғарыш әлемі - бала қиялында"
12
апрель
2022
"Ғарыш әлемі - бала қиялында"
12 сәуір Ғарышкерлер күніне орай 2 Б сыныбында "Ғарыш әлемі - бала қиялында" атты тәрбие сағаты өтті. Сабақ "4 сурет, 1 сөз" әдісі арқылы басталып, ғарыш, ғарышкерлер турасында видео көрсетті. Оқушылар өз түсінгендерін айтып, "Ең ақылды" әдісі арқылы кері байланыс берді. Сондай-ақ оқушылар өз қолдарымен жасаған ғарыш әлемі туралы макеттерін қорғап, таныстырды.  Сабақты сынып жетекшісі  А. Қанапия ұйымдастырды.
"Ғарыш әлемі - бала қиялында"
12
апрель
2022
"Ғарыш әлемі - бала қиялында"
12 сәуір Ғарышкерлер күніне орай 2 В сынып жетекшісі  А. Булатова "Ғарыш әлемі - бала қиялында" атты шығармашылық жұмыс ұйымдастырды. Сынып  оқушылары "Күн", "Ай", "Жұлдыз" тобына бөлініп жұмыс істеді.  Өз беттерінше ізденіп, өз топ атауына байланысты түрлі  мәліметтер айтып, шығармашылықпен жасаған жұмыстарын көрсетті.
"Ғарышкерлер - батырлар"
12
апрель
2022
"Ғарышкерлер - батырлар"
12 сәуір Ғарышкерлер күніне орай 2 А сыныбында "Ғарышкерлер - батырлар" атты үлгілі тәрбие сағаты өтті. Ғарышкерлер туралы әнмен басталған тәрбие сағаты түрлі жұмбақ, әр түрлі ғарыш туралы мәліметтер айтумен жалғасты. Сондай-ақ топтық жұмыста ғарыш әлемі туралы сөзжұмбақ шешкен оқушылар өте белсенді болды.  Сабақ соңында оқушылар өздеріне берілген планеталардың және ғарышкерлердің  суреттерін  ретімен орналастырып,  білімдерін бекітті. Тәрбие сағатын сынып жетекшісі Темірхан Меруерт
"Қазақстан брендтері"
12
апрель
2022
"Қазақстан брендтері"
12 сәуір 2022 жылы 1 А сынып жетекшісі Э. Егизекованың ұйымдастыруымен "Қазақстан брендтері" тақырыбында үлгілі тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатында оқушылар "Қазақстан брендтері" мультфильмінің желісі бойынша жұмыс жасады. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарымыз туралы айтып, оларды қалай брендке айналдыру туралы өз ойларын айтты. Топтық жұмыс барысында өз еліне деген сүйіспеншіліктерін бейнелеп көрсетті.
Мәңгілік елдің құндылықтары
11
апрель
2022
Мәңгілік елдің құндылықтары
«Отанды сүю – ұлттық рухтың асқақ белгісі» атты патриоттық айлық аясында 1 В сынып жетекшісі Л. Айтжанованың ұйымдастыруымен  "Мәңгілік елдің құндылықтары" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатында ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, оқушыларға "Қажымұқан" мультфильмінен үзінділер көрсетті. Оқушылар мультфильм желісі бойынша өз ойларын айтып, талқылады. Батырлық, Отан туралы  мақал-мәтелдерді жасырын сандар арасынан тауып, топтық жұмысқа да оқушылар белсене қатысты.  Жалпы алғанда
"Өз құқығыңды білесің бе?"
05
март
2022
"Өз құқығыңды білесің бе?"
"Құқықтық мәдениет - бала қауіпсіздігінің кепілі" атты құқықтық айлық аясында 6 сыныптар арасында   "Өз құқыңды білесің ба?" атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Оқушыларға құқығы мен міндеті,  жауапкершілік ұғымы  түсіндірілді. Іс-шараны  6 сыныптардың жетекшілері ұйымдастырды. Іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Асильбаева қатысты.