Мектеп тарихы » "Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-59
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
апрель
2017

Мектеп тарихы

 

 

 

«Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі туралы жалпы мәлімет
Мектеп 1968 жылы «Шонжы қазақ орта мектебі» болып өз алдына отау тікті. Ол кезде мектепте 552 оқушы, 28 мұғалім, 20 сынып тобы болатын. Мектептің алғашқы басшысы Сұраншы Иманбаев болды. Сол уақыттан бері 3400 оқушы бітіріп шықты. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 12 мамырдағы №383 Қаулысымен №2

Шонжы орта мектебіне ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы, ауданымыздың тұңғыш ағартушысы Жаңабай Құдайбергеновтың есімі берілді. Жалпы оқушылар санынан 8 оқушы «Алтын», 12 оқушы «Күміс» медальға бітірді.

Мектепке 1968-1974 жылдары - Сұраншы Иманбаев, 1974 – 2000 жылдары - Нұрмаш Сағабаев, 2000 – 2005 жылдары - Дәулет Табылдиев, 2005-2010 жылдары педагогика ғылымдарының кандидаты Зәмзәгүл Мушрапилова, 2010-2013 жылдары Оразалиев Серік Сүлейменұлы, 2013 жылдан бастап Абдилова Бибігүл Байжұмақызы басшылық жасап келеді.
Қазіргі күнде құрметті зейнеткерлікте отырған ұстаздар: Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері, «Ұйғыр ауданының құрметті азаматы» – Сағабаев Нұрмаш, «Ұйғыр ауданының құрметті азаматы», ақын - Торғаев Абай, Халық ағарту ісінің үздігі – Окумова Ляйля және Есенқұлова Рысты, Мошанова Төрехан, Дүнгешов Ақбота, Бектемисова Бүбішқан, Байбалаева Тынышқан, Избакиев Тұрсын, Крупская атындағы сыйлықтың иегері: Камалова Аида, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі – Сәрсенбаева Ұлбосын, Қазақ ССР «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісінің иегерлері: Абенова Рыс, Рамазанов Нұржігіт (аға мұғалім, «Ерекше еңбегі үшін» медаль иегері, Ұйғыр ауданының Құрметті азаматы), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасының иегерлері: Лебекова Жаңылхан (Астананың 10 жылдығына арналған медаль иегері), Сертімбаева Гүлнар сынды ұстаздар өздерінің ізбасарларына үлкен із қалдырды.
Сондай-ақ, жоғарыда аталған ұстаздардың соңынан еріп жастарға үлгі болып келе жатқан ұстаздар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасының иегері Байсеркеева Нурпия және Бейсенбиева Хадиша, Ашимбаев Азат, Байсеркеева Нұрпия, Шуманова Шадия, Сқабылова Гульмира, Торғаева Советхан, Қодарова Жайнагул, Жанпеисова Ұлбосын, Шотаев Серік, Құланбаева Баян, Сарсембекова Зейін мектептің жас мұғалімдеріне үлгі болып келеді.
Мектеп түлектері:
Абиров Ержан – Еңбекшіқазақ ауданының халыққа қызмет көрсету орталығының бастығы, Қабиев Еркін – облыстық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі қызметкері, Бақыт Әлдибеков - ақын, Нұрбол Манап – Қазақстан телеарнасының, Өсербаев Амантай – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қорғаныс министрлігінің жауапты қызметкері, Үмбеталиев Марғұлан - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қорғаныс министрлігінің қызметкері, Ильгидаев Қанат - Әскери бөлім бастығы, Болат Оңғаров – аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, Сыдықбаев Ерлан – Ұйғыр аудандық Қорғаныс істер бөлімінің бастығы, Түлкібаев Намазтай – Алматы құрылыс компаниясының бастығы , Есбол Манап – ауыл әкімі сияқты оқушы түлектер – мектеп мақтанышына айналып отыр.

Похожие публикации:

24 апрель 2017 Алтын белгі
24 апрель 2017 Мектеп ұжымы
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив